Умар ибн әл-Ахуас Алла Елшісімен с.а.с. бірге қоштасу қажылығында[17] болды. Қоштасу қажылығында Алла Елшісі с.а.с. Аллаға мадақ айтып, адамдарға уағыз айтты.
Уағызында Алла Елшісі с.а.с.: «Мен сендерге әйелдеріңе жақсы мәміле жасауды өсиет етемін. Себебі олар тұтқындарың секілді. Олар қарсы шықпайынша, олармен жаман мәміле қылмаңдар. Егер қарсы шықса бөлек жатыңдар[18]. Жазалайтын болсаңдар, қатты жазаламаңдар, ауыртпаңдар. Егер мойынсұнса келеке етпеңдер. Оның сендерде, ал сендердің әйелдеріңнің алдында құқықтарың бар екендігін ұмытпаңдар. Сендердің құқықтарың, сендер ұнатпайтын адамды үйге кіргізбеуі. Олардың құқықтары, жақсы киіндіріп, тамақтандыруларың». (Тирмизи риуаят еткен).