Е, бұл шіркін адам деген қойсаңшы! Жүз жыл өмірі болса да, мың жылдық дүниелік қам жинайды. Жасы жетпіске жетіп тұрып, кейде басын сәждеге қоюдың орнына балиғатқа жаңа толған баладай болашаққа талай жоспар құрып тастайды. Жұмаға шақыра қалсаңыз «уақытымның болмай тұрғаны» деп сылтау айтқан болады. Бір күн дүниеге уақыт табылады, ал мәңгілікке уақыт табылмайды. Содан оразада не болмаса жұма күні қайтса әулие ел-жұрт: «жарықтық, жақсы адам еді» деп ағынан жарылған болады. Жаназаға келген молда да: «Оразада қайтты, жұманың берекеті бар, жақсы адам екен» деп жақсыға жориды. Иә, иншалла солай болсын! Әйткенмен ертең күнгі ұлы махшар сақарасынан мың жыл жүріп өту керек қой. Сонда ол тым болмаса шөлдемей ме? Ал бұл дүниеде аздап ауыра қалса, дәрігерге жүгіруді ұмытпақ емес.
Хазіреті Мұса бірде сырқаттанып іші қатты шаншып ауырады. Ол Аллаға қолын жайып дұға етеді. Сол кезде оған одан құтылудың жолы мынада деп бір көк шөп көрсетіледі. Ол әлгі өсімдікті жеп Алланың қалауымен шипа табады. Кейіннен тағы да осылай науқастанып қалып, ол әлгі көкті тағы да жейді. Бірақ бұл жолы одан сайын қатты ауырады. Сол кезде ол қолын жайып: «Я, Раббым! Алғашқы жеген кезде пайдасын көріп едім. Бұл жолы, керісінше, зиян шектім» - дейді. Сонда Хақ Тағала: «Өйткені сен алғашқы кезде Менен көк шөпке барып едің. Сол себепті одан шипа көрдің. Ал екінші мәрте ауырғанда өзіңнен көк шөпке бардың. Сол себепті науқасың артты. Сен білмейтін бе едің? Бұл дүниенің бәрі де өлтіруші у. Ал оның емі – Менің есімім» - деп аян береді.
Иә, солай. Күн батады, күн шығады. Бәрі де баяғыдай. Бәрі де сол қалпы. Тек өзгерген біреу бар. Ол - пенде. Күн санап асығып қартаюға бет қалған...
Мұхитдин Исаұлы
(Фейбуктегі парақшасынан)
Бисмиллаһтың құдіреті
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора