Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Намазда оң, солға қараудан сақтаныңдар. Өйткені, сендер намазда болған уақытша, Аллаға жалбарынасыңдар». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Әусат»)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Шүбәсіз Адамдардың алдында бес қауіпті өткел бар. (Амалы) әлсіз және күшсіз болғандар одан өте алмайды». Әбу Бәкір (р.а.): «Бұл бес қауіпті өткел не уа, Расулалла!» - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
• Өлім және өлімнің қиындығы.
• Қабір мен ондағы қорқынышты жалғыздық және тарлығы.
• Мүнкәр мен Нәкірдің сұрағы және олардың сұсты жүздері.
• Мизан және амалдардың мизанда жеңіл болу қорқынышы.
• Сырат және оның жіңішкелігі».
Әбу Бәкір (р.а.) мұны естігенде қатты жылай бастады. Сол кезде Жәбірейіл (а.с.) дереу түсіп, былай деді: «Уа, Мұхаммед (с.а.у.)! Әбу Бәкірге айт, жыламасын! Арабтардың «Өлімнен басқа барлық дерттің емі бар» деген сөзін естімеді ме?». Сосын Жәбірейіл (а.с.) былай деді:
«Кім таң намазын оқыса оған өлім мен өлім қиындығы жеңіл болады.
Кім песін намазын оқыса Қабір мен қабірдің тарлығы оған жеңілдейді.
Кім екінті намазын оқыса Мүнкәр мен Нәкирдің сұрағы және олардың айбыны оған жеңіл болады.
Кім шам намазын оқыса мизан және амалдардың жеңіл болып қалу қорқынышы оған жеңіл болады.
Кім құптан намазын оқыса сырат пен оның жіңішкелігі оған жеңіл болады».
mazhab.kz