Бақытты болғыңыз келе ме?

(немесе шүкір етудің пайдасы)

Тағы да сол шүкір туралы айтты демеңіз. Себебі, бақыт деген ұғымның негізгі кілті де осы сөзге жасырылған. Бақыттың кілті – шүкірде! Барымен базар болып, қанағат ете алатын адам – нағыз бақытты адам! Неге дейсіз бе? Ол былай.

Негізінен, адам баласы Раббысына шүкіршілік етпеуші («Әл-Ъадият» сүресі, 6-аят), «адам баласы тым шүкірсіз» («Ибраһим» сүресі, 34-аят). «Сондай ақ, ол байлықты өте жақсы көреді» («Әл-Ъадият»сүресі, 8-аят), «Сондай-ақ, малды өте-мөте жақсы көреді» («Фажр» сүресі, 20-аят). Сондықтан да біз, Абай айтпақшы, «біреуде бармен көзге ұрып», «сондай менде болғанда ғой» деп армандап кетеміз. Ал ол қиялдың соңы қолда бар алтындарыңды бағалай алмай, өз жаныңды өзің жеп, күйзелуге, қайғыруға әкеліп соғып жатады.

Шүкірлік деген не? Алдымен соны анықтап алайық. Шүкірлік – қолда барға разы болу, Алладан өзгеден дәметпеу дегенді білдіреді. Шүкірлік – асыл қазына. Бұл қазынаны иемденген адам – дүниедегі ең бай адам. Себебі, ол ешқашан түгесілмейді әрі таусылмайды.

Шүкір етудің пайдасы. Шүкір етуден адам өміріне келер пайда көп. «Ол адамға бақытты, рахат тұрмысты, тұрақтылықты, аманшылықты сыйлайды». (Лисанул араб, 11\321) Қанағатшылдық арқылы адам жүрегіне Аллаға деген иман тұрақтайды. Алланың әр нәрсеге өлшем қойғанына шын жүрекпен сенген кісі қолында түк болмаса да, Алланың разылығы үшін барының бағасын біліп, қанағат тұтады. Оның өмірі қай деңгейде өтсе де, ол Аллаға разы болады, Алла оған разы болады.

Шүкір етудің тағы бір пайдасы – Мейірімді Алла шүкір еткен пендесіне берген нығметтерін арттырған үстіне арттыра береді. Яғни әр күніне тәубе етіп, Алланың бергеніне разылық танытқан пендеге ризық ол ойламаған жерден келеді, өміріне береке бітеді, тұрмысы түзеледі. Ғалымдар: «Қанағат етуші - өмірін әсемдейді, (барына разы болмай), қиялдаушы тек қиялын ғана арттырады», - деген екен. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Өмірінде жетер-жетпес ризығы болып, соған қанағат еткен кісіге Жәннаттағы Туба (ағашы) нәсіп болады» (Тирмизи), - десе, тағы бір хадисінде: «Кім мұсылман болып, ризығы жетер-жетпес болса да, Алланың бергеніне қанағат тұтса, ол сөзсіз бақытқа кенеледі» (Муслим), - деген. Ал Алла Тағаланың Өзі қасиетті Құранда: «Егер иман келтіріп, Алланың бергеніне шүкірлік қылсаңдар, Алла сендерді жазалап не қылмақшы? Алла шүкір еткендерді сый-марапатына бөлеуші, бәрін білуші» (Ниса сүресі, 147-аят), - дейді.

Шүкір ету сені ең құрметті адамға айналдырады!

Қанағат ету абыройыңды арттырады, ал дәмету, керісінше, сені қор етеді. Қанағатшыл кісі өзгелерге мұқтаж болмайды. Сол үшін ол олардан еш нәрсе дәметпейді. Осы ісі үшін адамдар да оны құрметтей бастайды. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Шындығында мүміннің құрметі – түнгі намазында, абыройы – адамдарға қол жайып, мұқтаждық танытпауында», - деген (Хаким).

Мұхаммед ибн Уасиғ (Алла оған рахым етсін) бір күні қатқан нан мен су ішіп отырып: «Кім бұл нәрсеге қанағат етсе, ол ешкімге мұқтаж болмайды», - деген екен. (Ихиа Ьулумуддин, 293\3).

Бірде бір араб Басра тұрғындарының бірінен: «Сіздердің араларыңыздағы ең құрметті мырзаларыңыз кім?» - деп сұрайды. Олар: «Хасан Басри», - деп жауап береді. Ол: «Сіздер не үшін ол кісіні құрметтейсіздер?» - дегенде, олар: «Ол кісінің іліміне адамдар мұқтаж болып іздеп барады, ал ол олардың дүниесін қажетсінбейді. Яғни олардан еш нәрсе сұрамайды», - дейді. (Жамиғул ьулум, 169\2).

Нағыз бақыт дүниенің көптігі емес...

Қанағат ету шынайы байлықтың қайда екендігін түсіндіреді. Құран Кәрімнің «Дұха» сүресінде Алла Тағала Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), өзінің берген нығметтерін тізбектей келе, біз сені кедей едің, байытпадық па? - деп ишара жасайды. Ғалымдар бұл аяттағы «Алланың байытуы» ол жан байлығы, яғни қанағатты дарытуы деп түсіндіреді. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Медине дәуіріндегі Хайбар ұрысына дейін тарихта кедей болып өмір сүргені анық. Ал Құранның бұл сүресі Мекке дәуірінде түскен. Сол үшін бұл жерде Алланың берген байлығы - жан байлығы, яғни қанағатшылдық. (Фатхул Бари Ибн Хажар Асқалани, 277\11).

Бұл туралы Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі де: «Мал-мүліктің көптігімен кісі бай болмайды. Жан дүниесінің байлығымен кісі ақиқи бай болады», - деген. (Бұхари).

Бірде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Заррдан:

- Ей, Әбу Зарр, мал-мүлкі көп кісіні сен бай деп санайсың ба? – деп сұрайды. Ол:

- Иә, - деп жауап береді.

- Мал-мүлкі аз кісіні кедей деп санайсың ба? – дейді. Ол тағы да «Иә» деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында байлық - ол жанның байлығы, ал кедейлік - жанның кедейлігі», - деп жауап берген. (Ибн Хиббан).

Иә, жер бетінде қаншама адамның ішкі жан дүниесі кедейлікте, таршылықта өмір сүріп жатыр. Үлде мен бүлдеге оранса да, дүниесінің берекесі қашып, күйзеліп, өмірден түңіліп жүргендер қаншама?! Адамның болмашы нәрсеге жүйкесі жұқарып, кең үйде тынысы тарылуының басты себебі – рухани жұтаңдықта екен. Осыны ұққан бабаларымыз «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық астындағы жалғыз атын сойғызар» деген асыл сөзді қалдырып кеткен. Ал әйгілі сахаба Сағид ибн Әбу Уаққас баласына: «Ей, балам, егер сен Алладан байлық сұрасаң, қанағатты сұра. Ол – ақиқатында таусылмайтын байлық» (Ғуиунул ахбар кітабы, 207\3), - деп өсиет еткен деседі.

Құлдың шүкірі тоқтамайынша, Құдайдың берері де тоқтамайды. Ендеше, тіліміз бен ойымыз шүкір етуден жалықпаса екен деп тілейік. 

asylarna.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста