Балдан зекет беріле ме?
Балдан зекет беріле ме?
Уағалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ. Ханафи мазхабында балдан зекет берілуі керек. Оның белгіленген нисап мөлшері жоқ. Қанша өнім алса, соның 10%-ын беру – уәжіп. Оны «ұшыр» деп атайды. Абдурахман әл-Мұтғий: «Уа, Алла Елшісі, менің бал арам бар», дедім. Ол: «Ұшырды бер!» деді. «Уа, Алла Елшісі, маған оның тауын қорық қылып бер», дедім. Маған бал ара тұратын тауды қорық қылып берді»[1].
Және Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Балдың әр он торсығынан бір торсық (зекет беріледі)»[2], – деген. Ара балды өсімдік және ағаш гүлдерінен жинайды. Бал жеуге жарамды және оны сақтауға да болады. Ол мүлк болуға жарайды, сатса, пайда келтіреді. Сондықтан, егін мен жемістен ұшыр берілгені сияқты, балдан да үшыр беріледі. Малики және Шафиғи мазхабтарында балдан зекет берілмейді.
[1] Ахмад ибн Ханбал мен Ибн Мажә риуаят еткен.
[2] Тирмизи мен Әбу Дәуіт риуаят еткен.