БАЛАНЫ ЕСЕПТЕП КӨТЕРСЕМ, КҮНӘ БОЛА МА?

 Әссәләмуғалейкум! Сұрайын дегенім: Баланы есептетіп көтеруге бола ма? Яғни қыз немесе ұл болу үшін алдын ала күнмен есептейтінге ұқсайды. Бұл Аллаға серік қосу немесе күнә іс емес пе? Осы сұрақ мазалап жүр.
Уа алейкум ассалам!

«Сахих Муслим» атты хадистер жинағында Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мынадай бір сөзі келтіріледі:
«...Аталық ұрық – ақ түсті, ал аналық ұрық сары түсті келеді. Екі ұрық қосылған кезде, аталық ұрық аналық ұрыққа үстем келсе, Алланың қалауымен ұл болады. Ал, аналық ұрық аталық ұрыққа үстем келсе, онда Алланың қалауымен қыз болады...»[1].
Аталмыш хадис бейне бір физиологиялық заңдылыққа ишара етіп тұрғандай. Яғни, Алла Тағала табиғат заңдылықтарын жаратып, көп дүниелерді сол заңдылықтарға бағынышты етіп қойған болса, ана жатырындағы эмбрионның да қыз не ұл болатындығы о бастан кейбір заңдылықтарға тәуелді. Сол заңдылықтарды анықтап, соған орай есептеп жатса, оның ешқандай күнәсі жоқ және Аллаға серік қосқандық емес.+

Дей тұрғанмен, есептеудің нәтижесі әрдайым ойдағыдай шыға береді деп айту қиын. Бұл да Жаратушының қалауына келіп тіреледі. Қанша есептесек те Оның қалауы жүзеге асатындығын ұмытпағанымыз жөн.
Осы орайда мынаны да айтпай кетуге болмас: кей ата-ана ұл тілесе, кей ата-ана қыз тілеп жатады. Мұның ешқандай күнәсі жоқ. Алайда, әлдекім қызды қор көріп, сол себепті қыз баласының туылуын қаламай тұрса, мұндай түсінік шариғатта дұрыс емес. Құранда: «Егер, олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды»[2], - дей келе, Алла Тағала ондай түсінік иесін қатаң сынға алған.

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста