Сұрақ: Бірінші әйелім екінші әйел алуға келіспейді не істеуге болады, шариғат мұндай жағдайда не айтады?
Жауап: Діни кітаптарда айтылуы бойынша: «Төртке дейін үйлену уәжіп, тіпті мандуб (мүстаһаб) та емес. Тек қажеттілік туындағанда ғана рұқсат етілетін тірлік. Бірден артық үйлену дініміздің әмірі емес. Сол себепті әйелдер де оны қабыл етуге, онымен келісуге мәжбүр емес.» (Ниъмат-ул-ислам кітабы)
Бір еркектің екінші әйелге үйленуі үшін, бірінші әйелдің құқықтарын қорғайтын материалдық және әлеуметтік шарттар бар. Екінші әйелдің де өзінше бөлек құқтары бар. Осы екі жақтың шарттарын толық орындауға мүмкіндігі, әлі жетпейтін адамның екінші әйелге үйленуіне дініміз тыйым салған.
«Ешбір қажеттілік, зәру жағдай болмастан екінші некеге тұрып, бірінші әйелді ренжіту харам болады. Қазіргі тұрмыстық шарттардың ауырлығын ескеретін болсақ, екінші әйелге үйленудің жаиз болмай шығуы да әбден мүмкін». (Баршаға қажетті иман кітабы).
Сұрақ: Екі әйелдің бірі болуға көнбесе талақ қылуға бола ма?
Жауап: Себепсіз әйелін ренжіту жаиз емес.
Сұрақ: Егер екінші әйел алуға бірінші әйел көнбесе не істеуге болады, мен екінші адамды катты сүйемін оған кетуге бола ма, әйелім рұқсат бермесе де?
Жауап: Тек жақсы көріп қалудың өзі екіншісі былай тұрсын, бірінші рет үйленуге де жеткілікті себеп бола алмайды. Жүрекке қойып берсең теледидардағы артистерге де, айналадағы тұрмыс құрған әйелдерге де ғашық бола алады. Оның алдын алу үшін бөтен әйелдерге қарамауға тырысу керек.
Бірінші әйел көнбесе, рұқсат бермесе, екіншіге кетіп қалуыңыз, баруыңыз дұрыс болмайды. Екінші әйелге үйлене алуыңыз үшін зарурат, яғни зәру бір жағдай туындауы керек. Бұл бірінші әйелдің жыныстық тұрғыдан жеткіліксіз болуы, тумайтын болуы сияқты себептер болуы керек.
Егер жоғарыдағыдай бір негіз бар болса, бірінші әйелдің ауызша болса да рұқсатын алып, оның бүкіл әйелдік құқықтарын сақтаған халде үйленуге болады. Бірақ рұқсат бермедің деп талақ қылу жақсы емес.
(Тақырыбы өзгертілген)