Биыл Құрбан айт 9-шы шілдеге белгіленген.
Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт 9-шы шілдеге белгіленген. Осыған орай Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады. Ол азық-түлік пен мал бағасын өсірмеуді, халықтың қалтасымен санасуға шақырды, деп хабарлайды Астана арнасы.
Сондай-ақ биыл да құрбандық шалу ел аумағында офлайн және онлайн режимде жүзеге асатынын айтты. Бұл бағытта арнайы сайт жұмыс істейді деді.
Наурызбай қажы Тағанұлы, бас мүфти:
Үстіміздегі жылдың жыл санауы бойынша 8 шілде күні арафа күні болады. Ал енді Құрбан айт мерекесенің алғашқы күні тоғызыншы шілдеге келіп отыр. Алла Тағала баршамыздың тілегімізді-ниетімізді қабыл етсін.