Азаны бар ауыл азбайды

Ислам дініндегі ең әдемі әуен – азан. Қазақ халқында «Азаны бар ауыл азбайды» деген сөз бар. Демек, дін мен ділге берік елде азанның алар орны ерекше.

Қазақтың салт-дәстүрінде дүниеге келген нәрестенің құлағына азан шақырып, ат қояды. Азан айтылып, жақсы атты иеленген баланың жолы болып, өмірде өзінің орнын табады деп сенген.

Бес уақыт азан шақырудың басты мақсаты –  күрбелең тіршіліктің қамындағы пенделерге Алланы және ақірет күнін еске түсіру.  Бұл қоғамның рухани өмірін дамытуға үлкен үлес қосатын дүние. Сондай-ақ, жұма намазына арналған азанның қасиеті өзіншен ғаламат.

Бұл туралы  қасиетті Құранда:

«Уа, иман келтірген жандар! Жұма күні намазға азан шақырылған кезде саудаларыңды тастап, Алланы еске алуға (құтпа тыңдап, намаз оқуға) асығыңдар! Біле-білсеңдер, сендерге ең қайырлысы осы. Намазды оқып болғаннан соң жан-жаққа тарап, Алланың нығметінен өздеріңе ырыздық-несібе іздеңдер. Алланы көп-көп еске алыңдар, мүмкін, бақытты боларсыңдар»,– деп адамды өзін-өзі тәрбиелеуге, ерік-жігерін бағындыруға, бақыт жолын іздеуге талпындырады.
Азан – қазіргі Қазақстан қоғамында имандылық пен рухани мәдениеттің маңызды атрибутына айналды.
Қазақстан зайырлы әрі көп конфессиялы мемлекет болғандықтан мешіттердегі шақырылатын азан дауысы шектен тыс зорайтылып, сол арқылы мешітпен көршілес тұрғын үйлердегі азаматтарға зарар келтіруге де болмайды. Осыны ескерген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уақытқа дейін өзіне қарасты барлық мешіттердегі айтылатын азанның дауысы ҚР заңнамасындағы талаптарға сәйкес 30-45 децибелден аспауын қадағалап келген болатын.  еліміздегі мешіттердегі азан дауысын 70 децибелге дейін көтерілді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста