АЗАН ШАҚЫРЫЛҒАН СӘТТЕ МЫНАНЫ ҰМЫТПАҢЫЗ!

Азан – сөзі «хабар беру, естірту» деген мағынаны білдіреді. Дініміздегі терминдік мағынасы – намаз уақытының басталғандығын білдіру үшін айтылатын арнайы шақыру сөздері, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ihsan.kz-ке сілтеме жасап.

Азанның дініміздегі орны ерекше. Сонымен қатар азан – негізгі ислам рәміздерінің бірі. Мұсылман баласы азан шақырылғанда оны ықыласпен тыңдап, азан сөздерін қайталауы керек.

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Азанның дауысын естігенде азаншының сөздерін қайталаңдар...» деген. Тағы бір хадисте: «Хаййә алас-Саләһ (Намазға асық!), Хаййә аләл-Фәләх (Азаттыққа, мәңгілік бақытқа жетуге асық!)» деген кезде «Ләә хаула уәләә қууата иллә биллаһ (Күш қуат тек Аллаға ғана тән)» деген сөздерді айту керектігін өсиет еткен. Өйткені намазды өз деңгейінде орындау өте жауапты, игі амал.

 

Осылайша мүмін, азаншының дауысын естігенде «күш қуат тек Аллаға ғана тән» деу арқылы «Уа, Аллаһ тағалам! Егер де Сенің күш-қуатың болмаса намаз да өз деңгейінде өтелмей мәңгілік бақытқа жете алмас еді» деген болады. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір хадисiнде былай деген:

 

 «Ей, менiң үмметiм Азан бiткен соң мына дұғаны оқыңдар: «Аллаһуммә раббә һәзиһид дауәтит таммәти, уәс саләтил қаимәти, әти Мұхаммадәнил-уәсиләтә уәл фадийләтә, уәд-дәражатар-рафийъа, уә бъасһу мақамән махмудәнил лазий уа адтәһу».  Мағынасы: «Иә Аллаһ тағалам! Мына толық азан мен оқылатын намаздың Раббы! Хазірет Мұхаммедке арқау болуды, ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені бер! Және де оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» жеткіз. Сенің өзің берген уәдеңді орындайтыныңа ешқандай күмән жоқ».

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста