Асшаян (креветка) халал ма?

Асшаян (креветки), кальмар, сушаяны (рак), лопстер сияқты шаян тектес су жануарларын біздің мәзхабымызда жеуге болмайды ма? Шынар
Қадірменді Шынар, Ханафи мәзхабы бойынша су жануарларының ішінен тек «балық тектес теңіз өнімдерін» ғана жеуге рұқсат[1]. Сол себепті, біздің мәзхабта – кальмар, сушаян, лопстер т.б. балық түріне жатпайтын су жануарларын жеу халал емес.

Асшаянға келер болсақ (фр. crevette — креветка), 20-ғасырдың орта шенінде Пәкістан өңірінде өмір сүрген беделді Ханафи ғалымы Зафар Ахмәд әл-Усмәни әт-Тәһәнәуи р.а. (1892 – 1974 ж.) өзінің бірнеше томнан тұратын «Иълә әс-Сүннә» атты еңбегінде, су хайуандарын талқылай келе әңгімесін былай деп қорытындылайды: «...Бір сөзбен айтқанда: Тілдік мағынада (لغة ) немесе жергілікті халық түсінігінде (عرفا) балық тектес саналатындардың бәрін жеу – халал екендігі даусыз. Мысалы: сцинк, асшаян (креветка) және тағыда басқа сол сияқтылар...»[2]

Ғалымның мысал ретінде беріп отырған сцинк, ол – кесіртке тектес, құмда өмір кешетін, денесінде қабыршықтары бар жәндік. Құмда балық сияқты жүзетініне қарап оны «құм балығы» деп атап кеткен. Араб тілінде оны «сәмәкәту ар-Римәл - Құм балығы» деп атайды немесе «сақанқур (سقنقور)» дейді[3].

Екінші берген мысалы - асшаян (креветки). Араб тілінде «Жәмбәри (جَمْبَرِىٌّ) немесе «Рубиян (روبيان)» яки «Ирбиян»деген атауларға ие. Ертеректе өмір сүрген тіл мамандарының бір шамасы аталмыш су жануарына «балық тектес» деп анықтама берген. Сондықтан да болар ғалым жоғарыдағы сөзінде асшаянды жеуге болады деп отыр.

Ал, бізде оны шаян тәріздестер отряды деп есептейді. Сол себепті «Асшаянды жеу – Ханафи мәзхабы бойынша халал» деп кесіп айту қиын. Өйткені, басында да айтып өткеніміздей, Ханафи мәзхабында су жануарларының ішінен тек балық тектес теңіз өнімдері ғана жеуге жарамды.

Десе де, тәбеті тартқан адамдарға балықтан өзге де суда өмір сүретін жануарлардың етін жеуге болады дейтін өзге мәзхаб ғалымдар жоқ емес[4]. Сондықтан адал ет табыла бермейтін діні бөлек елдерде өмір сүріп жатқан мұсылмандар үшін асшаян тәрізді су хайуандарын халал көру - оларға көрсетілген дініміздің жеңілдігі болмақ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

dev.islam.kz/kk/questions/arturli/asshayan-krevetka-halal-ma-338/#gsc.tab=0

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста