Арың кайда, жас қазақ?

Арың кайда, жас қазақ?

Аллаға шүкір, Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген жетістіктерге жетіп, алға қарай өрбіп, бірнеше елдердің алды болып келеді. Алайда бір өкініштісі енді ғана бесігімізді түзеп келе жатқанда шетелдерге, әсіресе, жай бос уақытты алумен қатар адамның рухани күшін әлсіретіп, ата-анасына қарсы шығу, адам өлтіру секілді әдеттерді жай ғана нарсе қылып көрсететін телесериалдарға еліктеп, тіпті олардың арсыздық жыртық киімдерін мода көріп сұмдық мәдениеттеріне бас ұрып, өзіміз қайта ұйқыға бет алғандаймыз.
Ертеректе дана халқымыз «Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» - деп, халқымыз қыздарын елдің көркіне теңегені белгілі. Ал қазір ше? Керісінше, көшеге шықсаң санын жалтыратып, кіндіктерін бір қарыстай ашық көрсетіп, ауыздарынан темекісі түспейтін көптеген қазағымыздың қыздарын көресің. Әсіресе, бүкіл Қазақстанға атағы әйгілі Сайн мен Сейфулина көшесіндегі қаракөз қазақтың қыздарын көргенде, әбден қурап, солып жер көркемдігін құртып тұрған гүл секілді күй кешетінің де ақиқат. Бұл Қазақ деген ұлтымыз үшін, Ислам деген дініміз үшін үлкен қасірет.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің «Біз - тегіміз түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» және «Ислам - тек дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз» - деген сөздерінде үлкен мән бар.
Егер де Елбасымыз айтып өткендей, халыққа Құранды насихаттар болсақ, жоғарыда айтып өткендей шетелдің сұмдық әдеттерінен аулақ болар едік.
Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде «Нұр» сүресінің (24-сүренің), 31 – аятында: «Мүмін әйелдерге айт: (бөгде ерлерден) Көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (Зинадан) қорғасын...» - деген, Ұлы Жаратушымыз Алла Тағаланың бөгде ерлерден көздерін сақтасын деген әмірінен кейін, қаракөз қарындастарымыз қалайша ондай надандыққа бармақ? Абай атамыз да «Атымды адам қойған соң, қайтіп мен надан болайын» - деген еді.
Еліміздегі надандыққа бағыттар ұятты нәрселердің бірі – жарнамалар. Және қыздар бұл әлемге жарнама үшін келгендей. Қайсы бір жарнамыны қарасаң қыздың денесімен бейнеленген. Тағы бір сұмдықтың көкесі газет-журналдар сатылатын орынға барсаң бақырайып қарап тұрып жымыйған тыр жалаңаш надан қыздардың суреттерін көресің. Тіпті адам ол жерден газет алу былай тұрсын қасынан өтудің өзі машақат. Басқасын қайдам ұялғаннан қып-қызыл қызара жөнелесін.
Құрметті қазақ бауырларым! Бұл сұмдықтың көкесі емес пе? Міне, осында телесериялдармен ешнарсеге қажеті жоқ газет-журналдардан кейін жастарымыздың тура жолдан адаспауына кім кепіл?
Бір таң қаларлық жайт, сол қарындастарымыздың өз әке-шешесінің, ер жеткен ағаларының алдында қалайша аш сандарын жалтыратып қысқа не жыртық киім киіп жүреді екен? Тап осы орайда Жүсіп Баласағұнның мына бір сөзін айта кеткенді жөн көріп отырмын:
«Қатал ұста бос жүрмесін сандалып,
Тәртіп болса, өсер бала сомдалып.»
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде» - деген.
Ал сол жастар жақсы тәртіп көрмесе бүгінгідей дәрежеге жетерін түсінген қазақ даналары осындай ғибратты соз қалдырған болса керек.
«Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» (Халық мақалы). 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста