Шүбәсіз тура жолда болғысы келгендерге төрт нәрсе керек:
1. Сенімнің дұрыс болуы. Өйткені сенім дегеніміз – иман. (Нағыз) иман болмаған соң ешбір құлшылық қабыл болмайды.
2. Насух тәубесімен тәубе ету. Шыққан сүт орнына қайтуы мүмкін болмаған сияқты тәубе еткен кісі де ол күнәны қайталамауы керек.
3. Мойнында ешкімніңқарызы қалмауына қатты мән беру. Бұл үшін кісі кімнің ақысын жеген болса соны қайтарып, разылығын алуы керек.
4. Алла Тағаланың әмірлерін орындауға жеткілікті мөлшерде шариғат ілімін үйрену. Осы мөлшерде үйренілген ілім адамды құтқарады.