Әр нәрсенің бір қайыры бар

Әр нәрсенің бір қайыры бар

Баяғы өткен заманда бір патша болыпты. Өзі өте әділ, жұртына мейірбан екен. Ол кісінің уәзірлері де иманды, өмірдің мәнін білетін жандар екен. Бас уәзірі үнемі, қандай іс болмасын «бұның бір қайыры бар, патшам», – деп отырады екен.

Бір күні патша үстелінің үстіндегі алманы пышақпен кесіп жеймін деп, саусағын орып алыпты / патшалардың пышағы тым өткір болады ғой.Саусақтың бір бөлігі кесіліп түсіп қалады. Бұны көрген бас уәзір «Бұның да бір қайыры бар, патшам», – деп, дәкемен қолын байлайын деп жатса, қолы ауырып, жаны қиналып отырған патша: «Менің азап шегуімнен қандай жақсылық күтуге болады? Апарыңдар мынаны зынданға!» – деп айқайлапты. Қос уәзір екі қолтығынан сүйреп алып кетіп бара жатса, жаңағы уәзір тағы да «Бұның да бір қайыры бар, патшам» депті. Әлбетте, патша «мынау сау ма өзі?!» деп ойлаған болар. Уақыт зулап, бір күні патша жанындағы уәзірлерін ертіп аңға шығыпты. Бір киікті қуа-қуа күн батып кеткенін де аңғармай қалыпты. Адасқан топ бағытсыз, бағдарсыз келе жатып, бір жабайы тайпаның қолына түсіп қалыпты. Олар адам етін азық қылады екен. Қырық уәзір, бір патшасымен – оңай әрі мол олжаға кенеліп қалыпты. Басында «Мені бірінші жемесе екен?» -деп тілеген топ, келе-келе ажал күтудің азабынан тезірек құтылу үшін «Мені бірінші жесе екен?» – деп тілейтін болыпты. Сонымен не керек, ең соңғы кезек патшаға келеді. Олардың дәстүрі бойынша құрбандықтарын отты айналдырып жүргізеді екен. Патша да отты айналып жатқанда әлгі тайпаның бір адамы патшаның саусағы шолақ екенін байқап қалып, оны өз патшасына жеткізіпті. Олар бір ауыздан «бұның етінің дәмін біреулер татып көрген екен, арам болған соң, тиіспепті, біз де жемейік» деп, оны босатып жіберіпті. Арып-ашып, сақал-шашы өсіп, патша өз еліне зорға жетеді. Әбден тозған бір адам келіп: «Мен сендердің патшаларыңмын», – десе, сіз сенер ме едіңіз? Олар да сенбепті. Патша барлық өткен өмірін, уәзірлерін т.б. деректерін дәлелдеген соң барып, таққа отырғызыпты. Достарын, өзіне сенімді серіктерін сағынған патша өзі бұрын зынданға тастатқан уәзірін алдыртыпты. Тырнағы көбесінен айырылып, өкпесінен сыз өтіп ауырған уәзір сүйегін сүйретіп патшаның алдына жетіпті. Оны жуындырып, тамақтандырып, демалдырған соң, патша сөйлесуге шақырып, басынан кешкендерін айтып, кешірім сұрапты. Сонда әлгі уәзір:
– Патшам, айттым ғой, айттым. Қайыры болыпты ғой, шүкір! – депті. Патша таңданып:
– Қалайша? Қандай қайырын көріп тұрсың? – десе:
– Сіз саусағыңызды орып алмағаныңызда, мен «қайыры бар» деп айтпас едім. Сіз саусағыңызды садақа қылып, жаныңызды аман алып қалыпсыз, ал мен сол сөзді айтып, болашақ өмірімді сақтаппын.Егер сіз мені зынданға тастатпағаныңызда,кім біледі, мүмкін мен де өзге бауырларым сияқты адам жегіш тайпаның тамағы болар ма едім? – депті.
Бұл әңгімеден не ой түюге болады?
«Кейде біз автобусымыз кетіп қалды деп ренжиміз, АЛЛА біздің өмірімізді сақтау үшін сол көлікке отырмағанымызды қалаған шығар. Кейде біз қолымыз жетпеген бір бақытқа налимыз, мүмкін сол бақытқа қолымыздың жетпегені – біз үшін бақыт шығар»…
Бәрінің де қайыры бар… (Бұл жазбаның да қайыры бар шығар)

elana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста