ӘР ДӘСТҮРІМІЗДІ «ХАРАМҒА» БАЛАСАҚ, НЕМІЗ ҚАЛАДЫ?

Сәлемдесу кеше немесе бүгіннің ғана дәстүрі емес, ол адамзатқа ортақ қасиет. Сәлемдесудің мәні, ең алдымен, бетпе-бет кездескен адамдардың бір-бірінің кейіп-кескінін тану, болмысын байқау және тілек арқылы өзінің ниетін білдіру. Сондай ақ, бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, Жаратушыға шүкіршілік ету, ниеттерінің ақ екенін білдіру.

Мұсылман баласының бір біріне сәлем беруі сүннет, қабыл алуы уәжіп. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бір мұсылманның сәлемін алу – уәжіп. Бір мұсылманның кездескен мұсылманға сәлем беруі оның мойнындағы ақысы», – деген (имам Мүслім).  Жалпы, мұсылман баласы кезіккенде «әссәләму алейкум» (Сіздерге Алла Тағаланың бейбітшілігі болсын) деп сәлемдесу арқылы бір-бірінің амандығы мен есендігін, достық һәм бірлігін тілескен. Ардақты Елші (с.ғ.с.) «Сіздер сүйсінетін, оны істеген кезде қуанатын бір нәрсені айтайын ба?» «Өз араларыңда сәлемді жайыңдар, яғни сәлемдесіңдер!»,- деген болатын. (Шарафуддин ад-Димяти. әл-Матжару ар-рабиху фи сауаби әл амал ас салих. Бейрут. 1990. 36-б.)

Сәлемдесу - әдептіліктің білгісі. Әр нәрсенің өзіндік әдебі болған секілді қазақтың ұлттық дәстүрінде де сәлемдесудің өзіне тән әдебі бар. Жасы кіші үлкенмен, көліктегі жаяу жүргіншімен, жүріп бара жатқан отырғанмен, аз адам көп адаммен сәлемдескен. Келіндер ата-енесімен, қайын ағаларымен немесе үлкен кісілермен, тізесін сәл бүгіп, басын иіп, ибалық сәлем жасап, ишаратпен амандасқан. Мұның өзі қазақтың ең тамаша моральдық қасиеті болып табылады.

Жасы кішінің үлкенге бірінші болып сәлем беруі – үлкенге деген сый-құрметі, көліктегінің жаяуға сәлем беруі – көлектегінің такәппарлануға жол бермей оны қарапайымдылық, сыпайылыққа тәрбиелеуі, жүріп келе жатқанның отырғанға сәлем беруі – бөлмеге кіріп келген адамның міндетіндей болуы, келіннің сәлем беруі–ата-енесіне ізеттілік көрсетуі деп түсіндіріледі. Келіндер ата-енесіне, үлкендерге басын иіп, ибалық сәлем салады демекші, осы тақырып қозғала қалса кейбір жастарымыз ғаламтор беттерінде иіліп сәлем салу, намаздағы рүкүғқа ұқсайды деп, сәлем салуды ширкке теңеп, шулап кетеді.

 Егер әрбір иілуді рүкүғқа теңер болсақ, тік тұрып сәлем беру де намаздағы қиямға ұқсағаны ма? Онда әр қимылымыз ширк пе? Кез келген нәрсенің өзіндік өлшімі бар емес пе? Осы кезге дейін қазақ «келіннің сәлемін ширк» екенін білмей келген бе? әлде кейінгі кезде ширк бола қалды ма? Халқымыздың әрбір салт-дәстүрін «ширкке» яки «харамға» балайтын болсақ неміз қалады? Шариғатта «келіннің сәлем салуы ширк» деген нақты үкім де жоқ емес пе? Келіннің үлкендерге сәлем салуы қазақтың көнеден жалғасып келе жатқан әдет-ғұрпы емес пе? Ұлы Жаратушы иеміз адам баласын ең кемел әрі көркем бейнеде жарата отырып, оны сансыз нығметтерге бөлеген. Бұған қоса, сол нығметтердің қадірін түсіндірсін, адамның әрі бүкіл болмыс атаулының жаратылыс мақсаты мен сырларын ұғындырсын деп әр қауымға  өз елшілерін жіберіп отырған. Осы орайда пайғамбарлар – адамзатқа әр нәрсенің өзіндік мән-мағынасы мен міндеті бар екенін ұқтыратын тәлімі мол ұстаздар. Бізді қоршап тұрған жаратылыстарды танып-біліп, Ұлы құдіретке бас июге шақырушы ардақты асыл тұлғалар да осы пайғамбарлар.

Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Ал, оларға келген ақиқат ортақ. Құранда Меккеде түскен 111 аяттан тұратын Жүсіп пайғамбармен қатысты оқиға баяндалады. Онда «Жүсіп ата-анасын құрметтеп өзінің тағына отырғызды. Ата-анасынан бастап барлық бауырлары оған тағзым етіп, бас иді. Сонда Жүсіп әкесіне: «Әкей! Бұрын бала күнімде көрген түсімнің жоруы, міне, осы. Раббым сол түсімді расқа шығарды»,- деген аят бар(«Жүсіп» сүресі 100-аят.) Тәпсірші ғалымдар аяттағы Жүсіптің ата-анасымен бауырларының тағзым етіп, бас июін (сәжде етуін) екі тұрғыда жорамалдайды.  Бірінші жорамал бойынша Жүсіпке құрмет сәлемі ретінде тағзым етілген. Бұл Жүсіп сүресінің «Әкешім! Мен түсімде аспандағы он бір жұлдыздың және күн мен айдың маған тағзым жасап, сәжде етіп тұрғанын көрдім»,- деген 4-аятын растайды дейді. Екінші жорамал бойынша Жүсіпке қауышқаны үшін Аллаға шүкір ету мақсатында сәжде жасалған. Аяттағы «олардың маған тағзым жасап, сәжде етіп тұрғанын көрдім» деген аятты «олардың мен үшін тағзым жасап, сәжде етіп тұрғанын көрдім» деп те аударуға болады. Сонда бұл екінші ойды құптайды дейді. Жүсіп (а.с.) те бұл әмірді Алладан екенін біліп, шүкір еткен. Бауырларының жасаған әрекеті мен жасаған қастанығына үндемеген. Демек мұндағы сәжде (тағзым) «құлшылық сәждесі» емес екені аян болып тұр. 

 Ендеше шариғатта ерекше саналатын сәлем беруді неге ширкке балаймыз. Сәлемдесудің түпкі мақсаты адамдардың және жанұяның тату-тәтті, бақытты өмір сүруіне негізделген емес пе?! Жастарымыздың өзге елдің салтына ергенін, яки асыл дініміздің бұрмаланып, халық арасында бүлік шығуын көздегендер осы секілді мәселелерді күн тәртібіне қойып, қоғамда қарама-қайшылықтардың болғанын қалайды.   «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, әр ел өз дәстүрін өз еліне дәріптегені жөн. Онсызда халқымыздың алтын қазынасы саналатын ата-дәстүрімізді, салт-санамыздыжастардың жадына сіңіре алмай жатқанда әр нәрсені ширк деп жұртты мазаламасын. Сөз соңы келіннің сәлем салуын ширкке теңей бермей, Жаратушы Жаббар Иенің сәлем есімімен сәлем беруші сәлем алушының есіне сәлемді салғаны үшін бір дәреже артық сауапқа ие болатынын ұмытпай, бір-бірімізді көргенде сәлем беріп жүрейік ағайын.

 Қалмахан ЕРЖАН

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста