Ақтөбеде өзге ер адамдармен бірге дайындалуға ұялатын әрі мұсылмандық сенімдегі қыздарға арналған жаттығу залы ашылған.
“Осындай жаттығу залының ашылуын бізден бірнеше әйел сұрап келді. Ақыры осындай шешімге келдік”, – дейді “РИДК” клубының жетекшісі Юлия Вольф.
Бұл фитнес-клубтың барлық инфрақұрылымы әйелдер қауымына лайықталған. Алғашқы бір айдың өзінде 20-ға жуық адам жазылған.
“Олар басында ыңғайсызданып ұялған. Бірақ, кейінірек бұл жерде барлығы өздері үшін екенін түсінді”, – дейді инструктор Татьяна Куршакова.