Ақ неке –Алланың адамзатқа берген сыйы

Адам баласы үшін отбасын құру өмірдегі ең қуанышты сәттерінің бірі болса керек. Себебі отбасылық өмір екі дүниелік бақыт.
Құранда: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың (һәм біріңе-бірің қамқоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату-тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін көркейтулерің) үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың (яғни, Аллаға тағзым етуде, иман келтіруде әрі мойынсұнуда ең алда болғандарың)!» [«Хужурат» сүресі, 13-аят] деу арқылы адамзат шежіресінің сонау Адам атадан бері жалғасып келе жатқанын көрсетеді.
Аятта айтылғанындай ер мен әйел затынан адамзат ұрпағы өзара неке қидырып, отбасын құру арқылы тіршіліктерін жасап келеді.
Сондай ақ, ер мен әйел ақ некелерін қидырған сәттен бастап өздеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ардақты Елші (с.ғ.с) некені өзінің сүннеті ретінде орнатып: «Некелескендеріңде оны жан-жаққа жариялаңдар» деген хадисі жай ғана келісімді меңземейді, қайта одан да жоғары жауапкершілікті нұсқайды.
Ақ некесін қидырған жастар бір-біріне сүйеу һәм қамқор болған жағдайда босағалары берік, іргетасы мығым болмақ. Өзара түсіністікпен, шынайы сеніммен, төзімділік қағидаларын бекем ұстанған берекелі шаңырақтың өзгелерге нағыз үлгі болары сөзсіз.
Ақ неке арқылы шаңырағы нық құрылған отбасы – Алланың адамзатқа берген сыйы, мейірімі. Оны сақтап қалу мүмкіндігі адамзатқа берілген. Себебі, бұл мүмкіндік адам баласын екі дүниеде де бақытқа жеткізеді.
Алайда, кейбір жастарымыз осы мүмкіндікке жеңіл-желпі қарап, өзінің және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезбей жатады. Аталмыш ақ некеге жеңіл қараған екі жас, жақындарының рұқсатынсыз өзара некелесе салады. Мұндай жастардың арасында көп ұзамай өзара түсінбеушілік, әлеуметтік жетіспеушілік, жарының көзіне шөп салу, ішімдік, нашақорлық секілді жаман әдеттер орын алса, діни қағидаларды өз еркінше түсінген яки ниеті бұзық ерлердің жауапкершіліктен жалтару мақсатында «талақ» сөзін емін еркін үш рет айтып, қаншама қаракөз қарындастарымыздың көз жасына қарамай тастап кету оқиғалары орын алуда.
Қандай себеп болмасын шаңырақты сақтап қалу үлкен батырлық. Ал талақ (ажырасу) – Жаратқан Жаппар Иенің адал еткен істерінің ішіндегі ең жағымсызы. Ардақты Елші (с.ғ.с.): «Алла тағалаға адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы – ажырасу» [Әбу Дәуіт, Талақ, 3] – деп жөн-жосықсыз ажырасудың дұрыс емес екенін тілге тиек еткен.
Сондай-ақ, некеге немқұрайлықпен қарап, онымен қалжыңдасуға да болмайды. Себебі «үш нәрседе ойнауға болмайды: неке, талақ және құлдықтан азат ету» [Мұхаммед ибн Исмаил ас-Санғани. Субулус сәләм шарх Булуғ әл-марам. Бейрут. 1088 б.],- делінген.
Асыл дініміз ақ некенің жанұя бақыты үшін қашан да баянды болғанын қалайды.
Отбасы – бір Отан һәм қоғамның іргетасы. Отбасында ынтымақ, түсіністік мықты болса, соншалықты қоғам да мықты болары сөзсіз.
Сондықтан да, асыл дініміз отбасына аса көңіл бөлген. Некені – екі жұптың қасиетті одағына теңеген. Беріктік һәм сенімділік бастауы ретінде қараған. Әрбір отбасында сезім мен сенім, сыйластық пен шынайылық орын алса елдің қуанышы мен бақыты берік болмақ.

Қалмахан ЕРЖАН,
теология ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста