Тәжікстанның ұлттық кітапханасында Құранның құнды данасы қойылды. Кітапхана сайтында хабарланғандай, сапаршылардың пікірінше, кітапты бағыт стилі бойынша ХVI ғасырға жатқызуға болады екен. Алайда Құранның өзінде уақыты мен “авторы” көрсетілмеген. Алғашқы екі және соңғы екі беті алтынмен жазылған, деп жазады Sputnik Тәжікістан.
Бүгінде кітапханада киелі кітаптың 15 дана қолжазбасы бар. Оның әр қайсысының өз тарихы бар, сонымен қатар оюмен өрнектелген.
Бұдан бұрын Татарстанда (Ресей) әйгілі “Қазан Құранын” баспадан басып шықты деп хабарланған. Алғаш рет бұл кітап Екатерина II жарлығы бойынша 1787 жылы Санкт-Петербургте басылып шыққан.