Алты жасында пайғамбардың (с.ғ.с.) разылығын алған бүлдіршін

Алты жасында пайғамбардың (с.ғ.с.) разылығын алған бүлдіршін

Хазіреті Хасанның шөбересі Нафиса ханым 6 жасынан бастап бес уақыт намазын әкесінің артында тұрып пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітінде оқыған екен.

 

Әкесі оның қолынан ұстап жиі пайғамбар қабірі орналасқан Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) үйіне жиі баратын. Сөйтіп бір күні Нафиса ханымның әкесі түсінде пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көреді. Сонда Нәфиса ханымның әкесі:

 

«Уа, Алланың елшісі! Уа, Алланың ең сүйікті пайғамбары! Мен қызым Нафисаға разымын!» – дейді асыға.

 

Пайғамбар да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

«Уа, Хасан! Мен сенің қызыңа разы болдым, өйткені сен оған разысың. Оған Алла да разы болды, өйткені оған мен разымын», – дейді.

 

Нафиса ханым 30 рет жасаған қажылығының басым бөлігінде Меккеге жаяу барған жан.

 

Ол кісіден шәкірттерінің бірі:

 

«Өзіңізді қинап не үшін қажылық көп жасайсыз?» – деп сұрайды.

 

Нафиса ханым оған:

 

«Атам имам Хусейін «Мен Раббымның үйіне келмей, Онымен кездесуге ұяламын», – деп айтқан сөзіне еліктеймін», – деп жауап беріпті.

 

Басқаша айтқанда: «Меккені зиярат етпей тұрып, қайтыс болып кетсем, Құдайдың алдына қайсы бетіммен барамын», – деп түсінуге болады.

 

Ертедегі тақуа жандар дінге осылай берік болып, қолынан келсе жиі қажылық жасауды мұрат тұтқан екен.

Кazislam.kz

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста