АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫНА ДЕГЕН МАХАББАТЫН БІЛДІРЕТІН 6 БЕЛГІ

АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫНА ДЕГЕН МАХАББАТЫН БІЛДІРЕТІН 6 БЕЛГІ

Алланың құлына деген махаббатын білдіретін 6 белгі:

 

1. Құлын көркем түрде басқарып тұрады. Оны тура жолға бастап, ізгі істерге жетелейді. Ақылын нұрландырып, оны Өзі сүйетін амалдармен шұғылдандырып қояды. Соның арқасында бұл пенде Аллаға жақындайтын әрбір нәрседен ұстанып, Оның ашуына душар ететін барлық нәрседен алыс болады. Алла оның ішкі және сыртқы дүниесін реттейді.

 

 2. Ондай адам өзгелермен болған қарым-қатынасында сыпайы әрі жұмсақ болады. Тығырыққа тірелмейді, Алла оған әрқашан шығатын бір жолды көрсетіп береді.

 

 3. Алла ондай пендесіне жер бетін ыңғайлы етеді. Яғни адамдардың көңілі оған қарай бұрылып, сырттай мақтап жүреді. Бұған Әл-Бұхари мен Муслимнің жинақтарында келген мына бір сахих хадис дәлел:

 

"Егер Алла бір пендесін сүйсе, Жәбірейіл періштені шақырып:" Расында Алла "пәлен" деген құлын сүйді, сен де оны сүй" - деп бұйырады. Сонда ол құлды Жәбірейіл періште де сүйіп, аспанда тірішілік жасаушылардың барлығын шақырып: "Шынында Алла "пәлен" деген құлын сүйді, сендер де оны сүйіңдер" - дейді. Аспандағылардың бәрі ол пендені жақсы көреді. Осыдан кейін ол адам жер бетіндегі адамдарға ұнап, қабыл болады"

 

4. Ол адам түрлі сынақтарға, қиындықтарға тап болады. Ақиқатында, Алла Тағала бір қауымды сүйетін болса, оларға әртүрлі сынақтар жібереді. Бұл туралы тәпсір ғалымы Ибн Кәсир: «Алла Тағала Өзінің мүмін құлын оның иманының деңгейіне қарай сынайды. Иманы күшейе түскен сайын сынақ күрделене береді, ал иманы әлсіз кісі сеніміне қарай сыналады», - деген. Бір жолы сахабалардың бірі Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а): «Уа, Алла Елшісі! Қандай адамға ең қиын сынақ беріледі? - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Пайғамбарларға, сосын сол секілді, сосын сол іспетті адамдарға. Кісі дініне қарай сыналады. Егер діні берік болса, сынағы қатая түседі. Ал діні әлсіз болса, иманына байланысты сыналады. Пендені қиыншылық пен пәлекет бойын тазартпайынша, тәрк етпейді», – деп жауап берген. Демек, сынақтың мақсаты – мұсылманды шыңдау, шынайы сенім шыңына шығару, бойын, ойын тазарту.

 

Осыны білген ілгергі буын өкілдері: «Егер сенің жолыңда көлденеңнен қиындық тап болса, көңілің тыныш болсын, себебі, сен Пайғамбарлар мен ізгілердің жолымен жүріп бара жатырсың! Ал егер жүрген жолың жеңіл әрі кедергісіз рахат болса, өзіңе-өзің жыла. Өйткені, жолдан адасқан болуың да мүмкін», - деген...

 

 5. Алла ол пендесін дүниеге шектен тыс беріліп кетуден қорғап тұрады. Сахабалардың бірі Әбу Сағид әл-Худриден (р.а) жеткен сахих хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан:

 

«Денсаулығына зиян тие ме деп қауіптеніп, ауырып жүрген кісіні тағам мен сусыннан тыйғандарың секілді, Алла да өзінің иман келтірген құлын фәни дүниеден тыйып, қорғап тұрады». Бұл баюға, дүние жинауға болмайды деген сөз емес, тек байлықты жүрекке кіргізбей, қолда ғана ұстау керек дегенді білдіреді.

 

6. Ажалы жетіп, өмірінің соңғы сәтіне жақындаған кезде Алла Тағала ол адамның жанын ізгі амал үстінде алады. Ахмад, Ибн Хиббан, әл-Хаким секілді имамдар келтірген сахих хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деп айтқан: - «Егер Алла Тағала бір құлына жақсылық қаласа, онда адамдар оның тек жақсы қасиеттерін ғана еске алатын болады. Себебі, Алла оған өлер алдында ізгі бір амалды нәсіп етеді де, оның жанын сол амалдың үстінде алады» Демек, «Құдайдың құлы» деген құрметті атқа лайық болу, сол жолда амал жасау – еңбекті, талпынысты қажет ететін ең маңызды іс. Алланың панасында болып, Ол разы болатын ізгі амалдарды жасап, ішкі, сыртқы дүниеңді реттеуден артық бақыт жоқ! Себебі, күндердің бір күнінде, әйтеуір бір Оның алдына баратынымыз - сөзсіз ақиқат.

 

 "Қолдаса егер бір Алла - алынбайтын қамал жоқ, Қолдамаса бір Алла - оған ешбір амал жоқ!"

 

Ендеше, әл-Һәәди, яғни Тура жолға салушы Алла Тағала бізді панасына алып, Өз алдына сау жүрекпен баруымызды нәсіп етсін! Әмин!

 

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста