Аллаға тәуекел қылу деген не?

Жалпы мұсылман адам үнемі Аллаға тәуекел еткені дұрыс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Адамдардың басым бөлігі басқа қатер төнгенде немесе аса маңызды іске кірісер алдында ғана Алланы еске алып, Соған тәуекел қылады.

 

Алла жүрегімен тәуекел қылған адамды Өзінің кепілдемесіне алады.

 

Бұл кепілдеменің сенімділігі сонша, адамның қолына ұстап тұрған затынан да сенімдірек.

 

Алла ол пендеге ризықтың есігін оның қиялына кірмеген жақтан ашып қоюға құдіретті. Бұл жайында Құран: «(Мұхаммед (с.ғ.с.): Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын де», – деп хабар береді (Тәубе: 51).

 

Алла Өзіне тәуекел қылушыларды сүйеді. Бірақ, жай ғана тәуекел емес, бәлкім тәуекел етерден бұрын адам белгілі себептер іздеп, сосын барып тәуекел қылғаны жөн: «Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады…» (Талақ: 2-3).

 

Басқаша айтқанда, тәуекел етуші адам қандайда бір кәсіп иесі болса, онда өзінің тұтынушыларының [клиенттерінің] санын арттыру үшін қажетті шарттарды орындайды. Мысалы, сервис сапасын көтереді, қызмет орнын жақсартады немесе көліктің ішін таза ұстайды, шылым шекпейді, таза һәм ұқыпты киінеді, артық сөйлемейді және т.б. Сосын барып Аллаға тәуекел етеді деген сөз.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста