АЛЛА ТАҒАЛА БІР ҚҰЛЫН ЖАҚСЫ КӨРСЕ, НЕМЕСЕ ЖЕК КӨРСЕ...

  • 55

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): Алла Тағала бір құлын жақсы көрсе, Жебірейіл періштені шақырып:

«Мен пәленше деген құлымды жақсы көремін, сен де оны жақсы көр», - деп бұйырады. Жебірейіл періште бұл бұйрыққа бірден бойсұнып, Алланың жақсы көрген әлгі құлын ол да жақсы көретін болады.

Содан ол көктегілерге:

«Алла Тағала пәленше деген құлын жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер», - деп жар салады. Мұны естіген көктегі періштелер де әлгі адамды жақсы көре бастайды. Сөйтіп ол жер бетінде де (адамдардың) ілтипатына бөленеді. Сондай-ақ, Хақ тағала бір құлын жек көрсе, Жебірейіл періштені шақырып:

«Мен пәленше деген құлымды жек көремін, сен де оны жек көретін бол», - деп бұйырады. Жебірейіл періште бұл бұйрыққа дереу бойсұнып, әлгі адамды жек көретін болады.

Сөйтіп ол көктегілерге:

«Алла Тағала пәленше деген құлын жек көреді, сендер де оны жек көріңдер», - деп жар салады. Содан бастап әлгі адам жер бетінде де (адамдарға) жеккөрінішті пендеге айналады - деп айтты» - делінген.

 

(Бухари; Муслим риуаят еткен) 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
  • 337
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 484
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста