Алғыс дәметкен қарияның алған жауабы

Алғыс дәметкен қарияның алған жауабы

Бір ауылда даналығымен танымал қария тұрыпты. Оған ақыл-кеңес сұрау үшін көрші ауылдардан да адамдар келеді екен. Осындай көрші ауылдың бірінен бір шал Қарияға барып:

— Бай болмасақ та, сізге ең күшті тамақтардан жасап қонақ күткім келіп отыр, - деп асқа шақырады. Қария қуана келіседі да қонаққа жиналады. Шалдың үйінде расында да дастархан неше түрлі астармен толып-тасып тұрады. Тамақты жеп алып, Қария дастарханнан тұрып кете бермекші болғанда, шал таң қалып:

- Қария, мен сізге ас даярлап, қонақ күттім.. маған айтар еш алғысыңыз жоқ па сонда? - дейді. Қария:

- Сіз тамақ ішіп кет деп шақырдыңыз ғой, сізге алғыс айту үшін емес, - деп үйден шығып кетеді. Осындай жауапты күтпеген шал Қариядан өш алуды көздейді. Оған қайткен күнде де алғыс айтқызу керек қой. Осылай ойлап тұрған күндердің бірінде, оның үйіне Қария жүгіріп келіп:

— Далада қатты жаңбыр жауып тұр! Маған қолшатырыңды бере тұршы, — дейді. Шал сәтті түскен мүмкіндікке қуанып сыпайы түрде Қарияға керегін береді. Осы жолы міндетті түрде алғысын аламын деп ойлайды. Бірақ Қария қолшатырды өзі әкелмей, шәкірттерінің біреуінен жібереді. Шәкірті де ұстазы тәрізді шалға еш алғыс айтпай қолшатырды ұстатып кете беріпті. Бірнеше күннен соң, шал мен Қария ортақ таныстардың үйінде кездеседі. Шал бәрін шешетін уақыт келді-ау деп, әңгімені жайлап бастайды:

—Өткен күні қатты жаңбыр жауып ауырып қалған жоқсыз ба? — деп сұрайды. Қария:

— Жоқ, ауырмадым. Қолшатырыңызды шәкіртімнен беріп жіберген болатынмын. Алған боларсыз?

— Иә, әрине. Ұмытпай жібергеніңізге рахмет, — деген шал Қарияның орнына өзі алғыс айтып отырғанын байқап ашуланады. Қария бұған қарап күлімсіреп отырды. Одан әрі шыдамаған шал орнынан ұшып тұрып:

— Қария, сізді да дана дейді-ау, елдер! Түк тәрбие көрмепсіз! Жасаған осыншама жақсылығыма кем дегенде бір рахметіңізді айтсаңыз неңіз кетеді?! — дейді. Сонда Қария:

— Мен сізге алысымды ұдайы ішімнен айтып, жақсылығыңызды ұмытқан емеспін. Егер де адам жасаған жақсылығы үшін алғыс дәмететін болса, жасағаны шынайы жақсылық болмайды. Сіз жақсылықтың ақысына елдің ризашылығын, не болмаса алғысын алам деп дәметпеуіңіз керек. Жақсылық жасағаныңыздан алатын қуаныш жеткілікті болуы керек. Жақсылықтың негізі — осы. Егер де ақысын күтетін болсаңыз, ешкімді емес өз-өзіңізді алдаған боласыз. Адамдардың болмысы мақтаншақ болады. Жақсылықты жеке өзіңіздің мақсатыңызға сүйеніп жасасаңыз, қате жасаған боласыз. Егер де еш алғыс дәметпей адамдарға жақсылықты тек жақсылық болсын деп жасасаңыз ешкімнен ешқашан көңіліңіз қалмайды, — деп жауап беріпті.  

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста