1.Айналаңыздағы мұқтаж-ау деген бір адамды таңдап, соған ізгілікке толы, жанын жылытатын хат жазыңыз;
2.Ұзақ уақыт бойы сөйлеспеген ескі досыңызды кешіріп, онымен татуласыңыз;
3. Көршіңізге бір жақсылық істеу (тамақ дайындап апару, шәйға шақыру, ауланы тазалау...);
4. Өзіңіздің ең сүйікті асыңызды әзірлеп, өзіңіз жемей, сонымен кедей адамды тамақтандырыңыз;
5.Мешіттердің біріне Құран апарып қойыңыз (Оны оқыған әр адамның сауабы сізге жазылады);
6. Өзіңіз танитын барлық өмірден өткен адамдарды тізіп жазып, солар үшін шын жүректен дұға жасаңыз. Өзіңіз дүниеден қайтқанда адамдардың сіздің артыңыздан қандай дұға жасағанын қалайтын болсаңыз, сіздің бұл дұғаңыз да сондай болсын;
7.Маңайыңыздан аль - Фатиха сүресін білмейтін бір баланы тауып, үйретіңіз. Ол бала өмірінің соңына дейін әр оқыған сайын сізге сауап жазылады;
8. Жаңа хадис үйреніп, оны ұстануға тырысыңыз.;
9. Құраннан қысқа сүре жаттап, оның тәпсірін оқып, маңайыңыздағы бір адамға айтып беріңіз;
10. Өзіңізді қолға алып, өсек пен ғайбатқа мүлде жоламаңыз. Мұны қатты қадағалаңыз;
11. Жұмыстастарыңызға кішкентай сыйлықтар (кәмпит, жеміс) алып келіңіз;
12. Ата-анаңызды қуантып, жиі құшақтаңыз, беттерінен сүйіңіз. Өмірден өткен болса, дұға жасаңыз;
13. Ұзақ уақыттан бері хабарласпаған туыстарыңызға хабарласып, жағдайларын біліңіз;
15. Бір-бірімен араз екі адамды тауып, татуластыруға барыңызды салыңыз;
16.Үйсіз хайуанды тамақтандырыңыз;
17. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны туралы кітап сатып алып, күнде оқып тұрыңыз;
18. Көзіңіз, тіліңіз, жүрегіңіз кездескен жандарды сынамауын қадағалаңыз. Кемшілік көрсеңіз, сыртынан дұға етіңіз;
19.Кездескен жанның бәріне жылы сөз айтыңыз.
20. Биыл тәуекел етіп, оразаны алғаш ұстаған бес адамға сыйлық жасаңыз;
21.Үш жаңа жақсы қасиетке ие болыңыз;
22.Үш жаман қасиеттен арылыңыз;
23. Осы айдағы табысыңыздың 10% қайырымдылыққа жұмсаңыз;
24. Рамазан айында жамағатпен тарауық намазын оқыңыз;
25. Ауызашар ұйымдастыруға ат салысыңыз;
26.Ұжымдық түрде мешіт тазалығына ат салысыңыз;
Ораза келе жатыр!..