Алда мұсылмандардың ең ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы келе жатыр. Жалпы бұл мерекені қалай қарсы алған жөн? Неден бастау керек?
Қасымхан, Теміртау қаласы
Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Сондықтан жыл сайын бұл мейрамды барша мұсылман сағына күтеді, қастерлейді. Енді «тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, қазақ халқы той алдындағы қарбаластың да маңыздылығына зор мән берген. Мұсылман елдерінің Ораза айт мерекесінің де арнайы дайындық күні бар. Ол арафа күні деп аталады. Бүкіл мұсылман осы күні айтқа қызу әзірленіп, алдын-ала қамданады. Әр үйде жылы-жұмсақ, тәтті тағамдар дайындалып, сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастархан жайылады. Ораза айт мерекесі алдында мұсылман қауым толықтай шомылып, ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, таза киімдерін киіп, айт намазына қатысуға қамданады. Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүндеті. Демек, Алла елшісі (с.ғ.с) бұл күні мұсылмандарға барлық жағынан таза болуға үндеген. Бұл ретте ерекше айта кететін нәрсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт намазына барар алдында құрмадан дәм татпай үйінен шықпайтын. Сондықтан айт намазына барарда үйден дәм ауыз тиіп шыққан абзал. Ал бірақ Құрбан айтта ештеме жемей шығу керек. Өйткені Алла елшісі (с.ғ.с) Құрбан айт намазын оқымай ештеме жемейтін. Сондай-ақ Құрбан айт намазы ертерек оқылса, ал Ораза айт намазы сәл кешірек оқылады. Ораза айт намазын кейінге іргелітудің даналығы мұсылмандар пітір садақасын кедейлерге асықпай беріп алсын деген ойдан шыққан. Ал Құрбан айт намазын оқуға асығудың мәні – адамдар құрбандықтарын ертерек шалып, олардан тезірек дәм татып, таратсын деген ойдан шыққан болуы керек.
Ислам ғалымдарының айтуынша, Алла Тағала жұмақты осы Ораза айт күні жаратып, Туба (жаннаттағы өсімдік) ағашын осы күні еккен. Жәбірейілді де осы күні пайғамбарларға уаһи түсіретін періште ретінде таңдап, перғауынның сиқыршыларының да тәубесін осы күні қабыл еткен.
Осы күні шайтанның әскерлері бір жерге жиналып, олар басшыларынан: «Сіз неге көңілсізсіз?» деп сұрағанда, ол: «Алла Тағала бүгін мұсылмандарға кешірім берді. Енді оларды нәпсілеріне бағындыру үшін қайтадан басынан бастап жұмыс істеуіміз керек» (Ислам ғылымхалы кітабынан) деп, мұсылман қауымның кешірімге ие болып, ұшпаққа шыққанына қатты өкінеді екен.
Ғалымдардың айтуынша, осы күні барлық періштелер таң алакеуімде жер бетіне түсіп: «Уа, Мұхамбеттің үмбеті, оянып сыртқа шығыңдар. Алла Тағала сіздердің барлық кінәларыңызды кешіреді», - деп, ораза ұстаған мұсылмандарды жақсы хабармен сүйіншілесе, ал Алла Тағала мұсылмандардың Ораза айт намазын оқуға мешіттерге келгенін көріп, періштелерге: «Ей, періштелерім, адамзат бейнет атқарса, ақысын талап етеді. Пенделерім Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға мешітке бет алды. Олар Мен үшін ораза ұстады, Менің пәрменіммен ауыз ашты, енді қуанышқа кенелсін. Сендер куә болыңдар, Мен оларға шексіз ризамын, оларды кешірдім», - дейді екен.
Айт мерекесін неден бастау керек?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора