Айт мейрамында балаларыңызға сыйлық беріңіз

Айт мейрамында балаларыңызға сыйлық беріңіз

Ірі хадис жинақтарында осы сыйлық мәселесіне арнайы бап енгізілгені бұл мәселенің Ислам дінінде айтарлықтай маңызы бар екенін байқатады. Әр ісі даналыққа толы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сыйлыққа үлкен мән берген. Хадистерінде сыйлық берісудің адамдардың бір-біріне деген сыйластығын, татулығын, өзара сүйіспеншілігін арттыратындығын білдірген:

«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады»;
«Сыйлық берісіңіздер, бір-бірлеріңізді жақсы көріңіздер»;
«Жейтін нәрсе сыйлаңыздар. Бұл несібелеріңізді молайтады»;
«Бір-бірлеріңізге барып қал-жағдай сұрасып тұрыңыздар. Сыйлық берісіңіздер. Өйткені зиярат – сүйіспеншілікті нығайтады, ал сыйлық – жүректі жамандықтардан (өшпенділік, қатігездік, дұшпандықтан) тазартады».
Сыйлықты айт мейрамы кезінде балаларға берсеңіз, бұл мейрам олардың есінде көпке дейін қалады. Әрі келесі айтты асыға күтетін болады. Ол да сыйлығыңыздың сиқына байланысты. Сондықтан, айт мейрамында балаларыңызға естен кетпестей етіп сыйлық сыйлаңыз.
Әдетте бала деген ата-анасына «ананы-мынаны алып беріңіздерші» деп сұрап жатады. Егер ол қомақты нәрсе болса, онда оны айт мейрамында алып беруге уәде беріңіз. Сол кезде бала айт мейрамын асыға күтеді. Себебі, айт мерекесі - мұсылмандар үшін орны ерекше мейрам. Ұлық мереке. Бұл мейрамның келгеніне қуанған немесе қуантқан адам молынан сауап табады. 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста