Мен бір-екі күн оразамды қаза қылып қойып едім. Енді айт күні сол қарыздарымды өтесем бола ма?
Бекзат, Талғар қаласы
Айт мерекесі күндері ораза ұстауға болмайды. Өйткені айтта дүйім жұрт көңіл көтеруі керек. Әрине, айт күндері де шариғатқа қайшы істерден аулақ болғанымыз жөн. Айт күнінің өзіне тән жарасымды да, сауапты амалдары мол. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ораза айт пен Құрбан айтта ауыз бекітуге тыйым салған. Ал оразаның қазасын айттан кейін кез клеген күні, келесі жылдың ораза айына дейін өтеуге болады.