Әйелің намаз оқымаса, төсектес болуға болмайды дейді. Осыған не дейсіз?

Ассаламу Алейкум! Қояйын деген сұрағым, өзім намаз оқимын. Ал әйелім намаз окымайды. Бірақ ниет етіп жүр. «Əйелің намаз оқымаса, онымен бірге төсекте жатуға болмайды» дейді. Сол жағы шариғатта қалай болады? Толық жауап берсеңіз деймін! Данияр.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Аллаға иман келтірген мұсылман әйел - намаз оқымағаны үшін күнәһар мұсылман болады. Бірақ онымен төсектес болмау керек деген нәрсе шариғатта жоқ. Исламда «әһли китабтан», яғни, христиан және яһуди дінінен әйел алуға рұқсат етілген. Олардың намаз оқымайтындықтары белгілі.

Әйткенмен, намаз әрбір ақыл-есі дұрыс, балиғатқа жеткен мұсылман кісіге парыз екендігін ұмытпаған жөн. Намаз оқымау – ауыр күнәға жатады[1]. Намаз – діннің тірегі. О дүниеде пендеден бірінші намазы сұралады. «Намаз – нұр» дейді Пайғамбарымыз (с.а.у.)[2]. Құран Кәрімде Жаратушы Иеміз былай деп бұйырады: «Намаз оқыңдар. Зекет беріңдер. Өздерің үшін ертеңге жақсылықтан не әзірлеген болсаңдар, Алланың қасында соны көресіңдер. Шынында, Алла не істегендеріңді толық көруші»[3].

[1] Сахих Муслим - №82 хадис: «Адамды ширк және күпірден айырып тұратын – намаз».
[2] Сахих Мүслім.
[3] Бақара сүресі, 110 аят.

Абдусамат Қасым 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста