Мүфтияттың ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре исламдағы төсек қатынасының ерекшеліктерін айтып берді. Оның пікірінше, дінде тыйым салынған және рұқсат берілген жайттар бар, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Діни ғұламаның айтуынша, "Әйелдерің егін алқаптарың. Оған қай жағынан келесіңдер, өздерің білесіңдер" деген аят бар. Бірақ әйелмен анальдық жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған.
Кейбір кітаптарда әйелің дүйсенбі күні көтерсе, ақылы кем болып туылады. Сейсенбі күні қосылсаң, кемтар болады. Солай кете береді. Қарасаң, аптада қосылатын күн бейсенбі ғана қалады. Жалпы, Алла-Тағаланың күндерінің бәрі берекелі, — деп мұны жоққа шығарады Ерсін Әміре.
Ғұламаның пікірінше, басты нәрсе — өзіңнің және әйеліңнің ізгі болуы. Әрекетті дұға оқып, сүннет бойынша жасау қажет. Сонда Алла-Тағала ізгі ұрпақ береді екен.