Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Адам баласы мұсылмандар жүретін жолдан тікенді бұтақты алып тастау арқылы жәннатқа кіреді». (Мүснәд Ахмед ибн Ханбал)
Жамағатта ер кісілермен бірге әйел, балалар да бар болса, имамның артында бірінші ер кісілер, сосын ер балалар, сонан соң әйелдер сап түзейді. Ер кісілер мен ер балалардың өзара сап түзеу тәртібіне сай болу – сүннет, ал ер кісілер мен әйелдер арасындағы тәртіпке сай болу – парыз.
Ал бір әйел ер кісінің алдында не дәл қатарында намазды бірге оқитын болса, ер кісінің намазы бұзылады. Бұл фиқһ ілімінде “мухазат ниса” (әйелдердің ер кісімен қатар тұруы) мәселесі аталады.
Ал бұған себеп болған әйелдер болса, сөз жоқ, сол ісіне орай, күнәлі саналады және Хақ Тағаланың азабына душар болады. Расында мұндай орынсыз істен аулақ болып, Ислам тәрбиесінен шықпау керек.
Фиқһ жайлы еңбектерде атап көрсетілгендей, әйелдердің бес уақыт намазға бірге шығып, жұма намазына қатысуы фитнаға себеп болатындықтан мәкруһ.
Әйелдердің мешіті үйлерінің ішінде. Бір хадисте
“Әйелдердің намазының ең ізгісі үйінің ішінде оқыған намазы” дейді. Әйелдердің намаз оқу арқылы үйін нұрландыруы өздері үшін зор құрмет. Расында бір хадисте былай дейді:
“Үйлеріңді намаз және Құран кәрім оқу арқылы нұрландырыңдар.”