Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз – адамдардың асылы, Алланың ең сүйікті құлы. Оның адамзатты тура жолға бастайтын хадистері мен өсиеттерін әрбір мұсылман білуі тиіс. Ал әйелдерге арналған өсиеттері мен кеңестері қыз-келіншектерімізге ауадай қажет:
«Егер әйел бес уақыт намазын оқып, рамазанда ораза тұтып, күйеуіне бағынатын болса, оған: «Жұмаққа қалаған есігіңнен кір», – делінеді».
«Әйелдер, көбірек садақа беріңдер. Шынында, тозақта сендердің көбірек екендеріңді көрдім».
«…Алла түнде намазға тұрып, күйеуі оянғысы келмей ерініп жатса бетіне су шашып оятатын әйелді мейіріміне бөлесін!».
Пайғамбарымызға (с.ғ.с): «Бір әйел бар, түнгі құлшылығын қалдырмайды, күндіз ораза ұстап, игі істер жасап, садақа береді, бірақ өзгелерге тіл тигізеді», – дейді. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Ол әйелдің ешбір жақсы жері жоқ. Тозақтықтардың бірі», – дейді. Содан соң: «Бір әйел Алланың барлық бұйрықтарын орындайды, садақа береді, ешкімге зиянын тигізбейді» дегенде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ол жұмақтықтардың қатарында» – деп жауап береді.
Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Қандай әйел әйелдердің ең жақсысы?» деп сұрағанда ол: «Күйеуі қарағанда оны қуантатын, оған бойұсынатын, күйеуі бірнәрсе бұйырса, оған қарсы келмейтін әйел» деп жауап береді.