ӘЙЕЛДЕ БОЛУҒА ТИІС ЖЕТІ КӨРКЕМ СИПАТ
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Ұялу жақсы қасиет, ал әйелдердің ұялуы одан да жақсы”. (Кәнз ул-уммал)
Aлла Tағала Aхзаб сүресінің 32 және 33-ші аяттарында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мүбәрак жұбайларының абыройы, қадір-қасиеті жеті сипатта баяндалған. Бұл жеті сипат барша мұсылман әйелдің абыройы мен қадір-қасиетін сақтау үшін шарт. Осы жеті мәселені орындаған кез келген әйел дүние мен ақырет бақытына қауышады. Бұлар:
1. Тақуалық; яғни әрдайым Алла Тағаладан қорқу. Бұл бүкіл абырой мен қадір-қасиеттің негізі.
2. Eр кісілердің көңіл аударуына себеп болатын кез келген көзден, іс-қылық, әрекеттен сақтануға тиіс. Әрдайым дұрыс әрі байыппен сөйлеу.
3. Мұқтаж болмаса, үйінен шықпау. Aлла Tағала жәннаттық әйелдердің осы сипаттарын мақтап, былай деген (мағынасы): “(Олар) әрдайым шатырларында отыратын хор қыздары».” (Рахман сүресі, 72 аят) Пайғамбарымыздың жұбайларынан Сәудә (р.aнhа) осы аятқа сай Расулуллаһ (с.a.у.) қайтыс болғаннан кейін үйінен мүлдем шықпаған.
4. Жабық киіну, яғни дініміз бұйырған үлгіде киіну керек. Сыртта жүргенде бұраңдамай, байсалды болу.
5. Намазын уақтылы және кемеліне келтіре оқып, зекетін беру.
6. Aлла мен Расулына бойұсыну. Тақуалықтан айнымаған еріне бойұсыну.
7. Үйінде Aлла Tағаланы зікір етіп, Құран кәрім оқуды үзбеу.
Осыларды орындаған әйелдердің Aлла Tағала күнә, кемшілігін тазартып, жаман мінез-қылығын жақсы қасиетке айналдырады.