Әйел ұстаз ер адамға Құран үйретсе бола ма?
Шариғатта әйелдің еркек адамға тәлім беруіне тыйым салынбаған.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әйелдері де өзге сахабалар сынды кейінгі мұсылмандарға дінді үйреткені тарихтан белгілі. Хадис жинақтарында аналарымыздың тәлім бергені туралы көп риуаяттар келген.
Тіпті, Ибн Хажар Асқалани «әл-Исаба фи тамизис-сахаба» атты еңбегінде 1543 әйел сахабаны атап көрсеткен. Олардың көпшілігі фиқһ, хадис, әдебиет ілімдерінің білгірлері болған. Әрі олар тек әйел шәкірттерге ғана білім беруменберіп шектелмеген.
Тоқетері: егер ауылдарыңызда Құранды жақсы үйрететін азаматтар болмаса, онда әйел адам әйелдерге де еркектерге де Құран мен тәжуидті үйретуіне болады.
Ең дұрысын Алла біледі.
Айбек Әбдіқадыр
muslim.kz сайтының діни сарапшысы
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу