АЯҚ КИІМ ТӨҢКЕРІЛІП ЖАТСА, НЕГЕ ОҢ ҚАРАТАДЫ?

Жолда күнге кеуіп, жалғыз сыңары жатқан аяқ киім болса да оны оң қаратып жүретіндерді көреміз. «Неге олай еттіңіз?» деп сұрай қалсаңыз, «аяқ киім оң қарап жатса жолың оңғарылады» деп ырымдайды.

«Алла сапарыңызды жемісті, жеңісті етіп әу баста жазып қойған болса, оны қайдағы жаман көксіген аяқ киім быт-шыт етіп, Алла әмірін жойып тастай ала ма?» десең:

– Алла жазғанын ешкім өзгерте алмайды, бірақ бұл ырым ғой, не болса да ата-бабамыз бір нәрсеге сүйенген болар, – деп бей-жай қарайды.

Расында аяқ киімді төңкеріп қалдырмау деген ырым біздің тарихымызда бар. Бірақ, ол ешқандай тылсым, соқыр сенім емес. Егер аяқ киімді төңкеріп тастаған болса, үйге келген мейман егесінің қайғыға ұшырағанын білетін болатын. Содан кейін үйге кіргенде өзін салмақты ұстап, сабырға шақырып, басу айтуға бейімделген. Үй алдында төңкерілген аяқ киімді көрген адам орынсыз әзіл айтып, жеңіл мінез танытпаған.

Ал, мейман үйге кіргенде екі аяқ киімін екі жаққа тастап, шашып келсе, үй егесі оның жолының болмай келе жатқанын аңғарған. Сондықтан аяқ киіміңді жинап қой, төңкеріп тастама деген тыйымдар пайда болған.

Егер төңкеріліп қалса, адамның ойына жамандық келеді деп өз ойларынан өздері сескенген. Бұл тыйым келе-келе балалардың санасында жаңғырып, көшедегі аяқ киімдерді оң қарату ырымына ұласқан. Ал, көшедегі аяқ киімнің бұл салтқа еш қатысы жоқ.

Мақсат МҰРАТҰЛЫ

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста