9 ай бойы бөлек тұрамыз, некеміз бұзылды ма?

Ассаламуғалейкум! Көптен бері мазалап жүрген сұрағым бар еді. Соны жолдауға рұқсат етіңіз. Біз әйеліміз екеуіміз ұрысып бөлек тұрғанымызға 9-ай болды. Некеміз бұзылғанын білемін. Бірақ қайта қосылу үшін үйленіп, қайта ажырасу керек дейді біреулер. Бұл дұрыс па, жоқ па? Алиасқар.Б.
Уағалейкумсалам, Алиасқар! Әуелі мынаны біліп алайық: шариғат ер кісіге өз жарына үш рет талақ беру құқығын берген. Бірінші мен екінші талағында үш ай ішінде (әйелінің үш етеккір уақыты) райынан қайтып, әйелімен татуласуына құқылы.
Үшінші рет талақ айтқан екен, әйелімен татуласу құқы жойылады деген сөз. Ері емес, әйелі өзгеге тұрмысқа шығып, одан (арнайы емес[1]) бір жағдайлармен ажырасып жатса ғана, әуелгі ері оны өз некесіне ала алады. Мұнда да, әйел қайта қосылуға өз ризашылығын білдіріп жатса ғана мүмкін[2]. Бұндағы мақсат – отбасыны сақтап қалудың маңыздылығын көрсету болса керек. Талақ айту құқы шектеулі екенін білетін ер кісі әйеліне талақ айтпас бұрын, он рет ойланатын болады[3]. Демек, сіз сұрап отырған «үйленіп, ажырасу керек» дегеннің төркіні осында жатыр.
Енді сіздің сұрағыңызға келелік: әйеліңізбен тек ұрысып қана қойған болсаңыз, арада «ажырастық»,«талақ бол» деген сияқты ашық яки «енді ерлі-зайыпты емеспіз», «сен менің әйелім емессің» сияқты талақты меңзейтін астарлы сөздер (айырылысу ниетімен) айтылмаған болса, немесе заңды түрде ажыраспаған болсаңыздар онда сіздердің некелеріңіз сақтаулы деуге негіз бар. Осынша ұзақ уақыт бөлек тұрғандарыңыздың зияны жоқ.

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста