Нью-Йорк ғылым академиясы төрағасының бірі болып қызмет еткен А. Гресси Моррисон өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижесінде Алланың бар екендігін мойындап, өзге де әріптестеріне «Алланың бар екендігіне сендіретін жеті себеп» атты мақаласын жариялады.
 
Гресси Моррисон: «Ғылым мен технология құдіретті Жаратушының заңдылықтарын біртіндеп ашуда. Ғылыми жетістіктер көбейген сайын Алланың бар екендігі дәлелденіп, Оған сенуге мәжбүр болудамыз. Мені мына жеті себеп Жаратушының бар екендігіне сендірді», - деді ғалым. Ол жеті себеп төмендегідей:
 
1. Математикалық әрі физикалық заңдылықтар тұрғысынан ғаламның жоспарын жасаған және сол жоспар бойынша тіршілікті жаратқан Ұлы бір Сананың бар екендігін дәлелдей аламыз.
 
Қалтаңызда бірден онға дейін нөмірленген он дана тиын салыңыз да оларды жақсылап араластырыңыз. Енді сол тиындарды біртіндеп рет-ретімен нөмірі бойынша, бірден бастап онға дейін кезегімен қалтаңыздан шығарыңыз. Бірақ, алған тиынды қалтаңызға салыңыз да қайтып араластырып шығыңыз. Яғни, біршіден 1 тиінді алып, кезегімен 2 санды тиынды шығаруыңыз керек. Осылай бірінен кейін бірін кезегімен шығаруға тырысыңыз. Алғашқы 1 тиынды қалтаңыздан шығару мүмкіндігіңіз онда бір болса, 1 мен 2 сандық тиынды кезегімен шығару мүмкіндігіңіз жүзде бір болады. Ал 1, 2 және 3 санды тиынды кезегімен шығару мүмкіндігіңіз мыңда бір ықтималда жүзеге асса, 10 тиынды рет-ретімен шығару мүмкіндігіңіз миллионда бірге тең келуі мүмкін. Бұл ең алдымен әлемдегі кездейсоқтық заңдылығын жоққа шығарады.
 
Жер өз жүйесінде сағатына мың милдік жылдамдықпен қозғалуда. Егер сағатына жүз милдік жылдамдықпен қозғалса, күндізгі уақыт пен түнгі мезгілдің мерзімі қазіргіден әлдейқайда ұзақ болар еді. Ал күннің ондай ұзақтығы өсімдіктер атаулының күлін көкке ұшырады. Ал түннің ұзақ болуынан қалған тіршілік атаулы суықтан қатып қалады.
 
Жер планетасы негізінен 23° қисайып қиғаш тұрады. Мұның өзі жер бетіндегі жыл мезгілердің ретімен келуіне мүмкіншілік жасайды. Егер жер планетасы 23 градустық өлшеммен қисаймай, түп-түзу тұрған болса, мұхиттардан көтерілген булар солтүстік пен оңтүстікке ығысып, құрлықтарды мұз басар еді.
 
Ал ай жерге қазіргі қалыпты қашықтығынан 50 мың миль (1 мильде 1848 метр бар) ғана алысырақ болса, жер бетіндегі тіршілік астаң кестеңі шығып, барлық құрлық атаулы күніне екі реттен су астына қалып, таулар көпке шыдамай үгітіліп кеткен болар еді.
 
Егер жердің сыртқы қабаты 10 қарыс қалың болғанда, оттегі жетпей өсімдік атаулыдан жүрдай боламыз. Ал енді керісінше ғаламшардың сыртын қоршап тұрған атмосфера қабаты қазіргісіне қарағанда жұқа болғанда күніне миллиондаған метеориттар жер планетасына қақтығысып, жер бетінің түкпір-түкпірінде өрт қаптар еді.
 
Міне, осы айтылған мысалдарды негізге ала отырып жердің кездейсоқтықтан емес немесе өздігінен жаратылмаған деген қорытынды шығарамыз.
 
2. Жан деген не нәрсе? Қазірге дейін жанды ешкім толық түсіне алмады. Оның салмағы, бойы, ені қандай екендігі беймәлім. Бірақ, оның бар екендігіне ешкім күмәнданбайды. Мысалы, жанның құдіреттілігі соншалық, жартас арасынан өмір дәнегі бұйырған өсімдік жартасты жарып шығып, өсуін жалғастыра береді. Бір құдіретті күштің ықпалымен айналадағы жансыз заттар мен денелерге сый ретінде берілген тіршілік &ndash осылай түрлі-түсті бейнеде таңғажайып шеберлікпен көрініс табуда. Мәселене, көзге көрінбейтін бір плазманы алайық. Өзі мөп-мөлдір, жыбырлап қана әрекет етеді. Бір қызығы, бұл клетке осы әрекеті арқылы «өмір» деген ұғымды паш етуде. Осы титтей ғана тамшыдағы күш-қуат бүкіл өсімдік, жануарлар мен адамдардың күш-қуатынан да орасан. Себебі, бүкіл тіршілік содан шығады. Ал бұл тіршілікті жаратқан табиғат емес. Өйткені, тау-тастың, теңіздің мұндай нәрсені жаратушға күші жетпейді. Мұны тек бүкіл әлемдерді жоқтан бар еткен Ұлы Жаратушы ғана жарата алады.
 
3. Жануарларда өзінің туып өскен жеріне қайта оралу сезімі бар. Аздап ойланып көрсеңіз, бұл адам таң қаларлық құбылыс. Оларға бұл сезім қайдан келді? Ойды ой қуып, қисынды қисын қуып, оларға бұл түйсік әлмисақтар берілген, яғни оны беруші де бар болғаны ғой деген тұжырымға келіп, Ұлы жаратушының бар екендігіне көз жеткізесіз.
 
Мысалы, жыланбалықты алалық. Дүниенің төрт бұрышындағы теңіздер мен өзен-көлдерде тіршілік ететін жыланбалықтар ұрық шашатын шаққа келгенде қаншама шақырып қашықтықты шарлап, мұхиттардан өтіп, Бермуд аралдарына жақын маңдағы тұңғиыққа келіп ұрық шашады да, сонда өледі. Бұған қалайша таңданбайсың!? Сол тұңғиықтағы шашылған ұрықтардан шыққан абақ жылан балықтар ата-аналарының келген мекеніне кері қайтады. Біреуі Қара теңізге, біреуі Жерорта теңізіне дегендей, келген отанына қайта оралып, ары қарай өмірлері жалғастырады. Міне сол шабақтарға сондай сезімді берген кім? Әлбетте, мұндай сезімді табиғат бере алмасы анық. Қазірге дейінгі зерттеулер нәтижесінде Еуропа теңіздері мен Америка өзен-көлдерінде өмір сүретін жыланбалықтар кездеспеген.
 
Осындай таңқаларлық жағдаятты жабайы араның балаларына қорек дайындауынан да байқаймыз. Жердің астын қазып ұя салған жабайы аралар балалары үшін азық дайындардан бұрын шегірткені шағып шұжықтайды. Бір ғажабы, ара шегірткені шаққанда өлтірмей тек талдырып, шала жаңсар етіп тастайды екен. Уланған шегіртке жәйлап-жәйлап консервіленген ет халіне келеді де жұмыртқадан шыққан араның балаларына азық болады. Негізінде ара баласы өлген жәндіктің етін жесе өліп қалады екен.
 
4. Адамның жануарлардан ерекшелетін қасиеттің бірі &ndash салыстыру, таразылау қабілеті. Адамнан басқа тіршіліктің бірде-бірі санай алмайды. Он санының ұғымын түсінбейді. Адам санасының ойлану мен салыстыру, таразылау қабілетіне ие болуының өзі оның кәміл жаратылғандығын көрсетеді.
 
5. Дарвинніңқателескен нәрсесі &ndash өмір сүруге қажетті алғышарттың бірі тіршілік иесінің бойындағы ген. Мұның таңғжайып қасиетін айтып жеткізу мүмкін емес. Микроскоппен әзер көрінетін бұл мысқылдай гендер әрбір тіршілік иесінің өзіндкі ерекшеліктеріне ие.
 
Генге мұндай қасиетті Ұлы Ғылым иесінен басқа ешкім бере алмайды. Мысалы, бі CD-ге том-том кітаптарды сыйдырып жіберген адамға мұндай қабілетті бірген Алла микроскоппен әзер көрінетін генге адамның бүкіл ерекшеліктерін оп-оңай сыйдырып жіберері сөзсіз. Бұған ешкімнің күмәні болмас.
 
6. Тіршіліктегі кейбір әрекеттер мен құбылыстар келешекте болар нәрсеге арналған дайындық ретінде жүзеге асып жатады.
 
Біраз жылдар бұрын Австралияда қоршау жасамақ болып кактус егеді. Алайда, кактус бірден көбейіп, кең етек алып кетеді де тез арада көптеген жерлерді жайлап, жергілікті тұрғындарды мазалап, тіпті мекендерін тастап көшуге мәжбүр болады. Кактус жайылған үстіне жайылып, Англияның аумағындай алып жерді алып, қаптап өседі. Кактус мәселесі Австралиялық ғалымдарды шұғыл шара қолдануға итермелейді. Ақырында ғалымдар тек кактуспен өмір сүретін, кактустан басқа өсімдік қорек етпейтін қоңызды табады. Бұл қоңыздардың азығы тек кактустар болғандықтан, олар әлгі қаптаған кактустарды көп ұзатпай жеп азайтады. Бір қызығы, қоңыздар кактусты түгелімен жым-жылас етпей, аз ғана алаңқайды қалдырады...
 
Осы қоңыздарға қарап: «Тез арада жылдам көбейіп кететін қоңыздар неліктен үлкен болып кетпейді?» деген ойға келесіз. Өйткені, қоңыздарда жануарлар мен адамдардың өкпесі секілді өкпе болмайды және тыныс алу жолдары тар болады. Олардың өсу қарқынына тыныс алу жолдары кедергі болғандықтан дене бітімдері үнемі кішкентай болып қалады. Осылайша қоңыздардың өсіп, үлкейіп кетулеріне шектеу қойылған. Шынында да қоңыздар өздеріне тән даму қарқынымен өсетін болса, жер бетінде адам деген атау қалмас еді.
 
7. Адам баласының Ұлы Жаратушы туралы ойлай алуының өзі өз алдына бір дәлел[1].
 
[1] Abraham Cressy Morriso: Seven Reasons why a Scientist Believes in God (1944)
 
«Иманнегіздері» аттыкітаптан.
Авторы: С. Сейтбеков