Негізінде, пенделердің ісі, яғни амалы жетеу. Олар: парыз, уәжіп, сүннет, мұстахап, мубах, харам, мәкрүһ[1]. Парыз – міндетті амал. Оны орындаған адам зор сауап алады, ал орындамаған адам күнә артады. Парызға сенбеген адам діннен шығады. Парыз амалдары: Исламды ақиқат діні ретінде қабылдау, күнде бес уақыт намаз оқу, рамазан айында ораза тұту, жылына бір рет малынан зекет беру, шамасы жетсе өмірінде бір рет қажылыққа бару.
mazhab.kz/kk/maqalalar/arturli/amaldar-1129/