Қажылыққа пара-пар қайырымдылық

Қасиетті Рамазан айы аяқталысымен мұсылман қауымы исламның бес парызының бірі – қажылықты атқаруға кіріседі. Бұл қасиетті парыз – қажылық сапардан республикамыздың мұсыл­ман­дары да шет қалып отыр­­ған жоқ. Қазақстанның мұсылмандары 1993 жылдан бері қажылық амалын атқа­рып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің 30 мыңнан аса азаматы қажы­лық парызын өтеген.
Бүгінгі күні Қазақстанда 11 млн мұсылман тұрып жатыр, бұл – республика халқының 70 пайыздан астамы.
Өткен жылы Араб елі қажылық үшін қазақстандықтарға төрт мың орын бөлген болатын. Алайда өткен жылғы әлемде доңыз тұмауының белең алуы бірқатар кедергі келтіріп, тек 2800 жерлесіміз парызын өтеп қайтты.
Әлеуметтік жағдайы келген әрбір мұсылманның қажылықты өтеуі – парыз. Қажылық сапарға адал еңбегі, маңдай терімен тапқан қаржымен, шын ниетпен бару керек. Десек те, бір кездері қажылық сапарға тек пайда табуы мақсатында сауда-саттық үшін барған азаматтардың көптеп болғаны жасырын емес. Дегенмен «көш жүре түзеледі» демекші, ондай келеңсіздіктер жойылды.
Шариғатта қажылықтың екі түрі белгіленген:
1. (әл-хәжж) – парыз немесе үлкен қажылық. Қажылықтың бұл түрi Құрбан айт уақытында, яғни Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10 жұлдызында орындалады.
2. (әл-ьумра) - ғұмра немесе кiшi қажылық. Ғұмра Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10 – нан басқа уақыттарда орындала бередi.
Қазіргі таңда қажылық парызын өтеуге әлеуметтік жағдайы келмейтін мүсәпірлер­дің қажылық сапарға бару шығынын көте­ріп, қайырымдылық жасап жүрген жомарт жандар да жоқ емес. Алайда соң­ғы уақытта қажылыққа бірнеше рет барғанын мақтан етіп, бәсекелестікке барып жүрген жан­дардың бар екені өкінішті. Біз бірнеше рет баруына қарсы емеспіз. Тек мақтан үшін он рет қажылыққа барғанша, «қолы қысқа» ниеттенушіні қажылыққа жіберіп, қайы­рым­дылық жасаса, мұндай имандылықтың сауабы мол боларын ескерсе екен дейміз. Осы тұста мына бір оқиғаны оқырман назарына ұсынғанды жөн деп таптық.
Аңыз бен ақиқат
Байлығы тасып-толған бір кәсіпкер қажылыққа баруға ниет етіпті. Алайда кәсіпкерлікпен тапқан табысының түгелдей адал жолмен табылғанына күмәнданған әлгі азамат ауылдағы иманды қариядан ақыл-кеңес сұрайды.
Қарияның кеңесі:
«Саған ертеде болған бір оқиғаны айтайын. Ертеде бай мен жарлы көрші болыпты. Жарлының бес баласы, бай­дың жалғыз ұлы бар екен. Күндердің күнінде үйге қайтып келе жатқан жар­лы жол бойында өліп жатқан малға кезігеді. Мал етін үйге алып барайын десе, харам, алмайын десе, үйдегі бес бала аш. Жаратқаннан кешірім сұ­рап, мал етін үйіне апарады. Ет пісіп, тамақ­қа отырған кезде балалармен ере байдың жалғыз ұлы да келеді. Бірақ жарлы бай баласына еттен дәм татырмайды. Бай баласы үйіне жылап барады. Ашуланған бай «баладан бір түйір етті қызғандың ба?» деп жарлы­ның жер-жебіріне жете­ді. Сонда жарлы еттің қайдан келгенін айтып, «менің балаларымның жейтін басқа тамағы жоқ, ал сіздің үйде тамақ жеткілікті, сон­д­ықтан сіздің балаңыз харам етті жемей-ақ қойсын деген ниет­пен берме­ген едім» дейді. Бай ойға қалады. Ұзақ ойланып, көршінің балалары жеуге тамақ таппай отырғанда қажылыққа барғаным дұрыс болмас деп, жинап отырған ақшасын жарлыға береді. Қажы­лыққа барып қайтқан өзге бай-манаптар байға келіп, «Қағбаны айна­лып тәу етіп жүргеніңізді көрдік, бірақ барар сапарда  да, қайтарда да сізді байқамадық қой» дейді. Бай жасаған қайырымдылығының қабыл болғанын ұғады. Алла жасаған қайырымдылығы үшін қажылығын қабыл еткен екен. Міне, енді қажылыққа барасың ба, жоқ әлде, қайырымдылық жасайсың ба өзің біл» дейді.
Қарияның әңгімесін тыңдаған кәсіпкер жігіт қажылыққа барғаннан гөрі көмекке зәру мүсәпірге көмектескенді абзал деп тауып, қажылыққа деп жинаған ақшасын көрші үйдегі мүгедек баланы асырап отырған жалғызбасты анаға беріп, қажы­лықты қайырымдылықпен алмастырады.

Дерек:
Биылғы жылы қажылық сапарға бөлінген квота саны 4000 болса, ниет білдірушілер саны анағұрлым артық болып, біраз жерлестеріміз квотаға ене алмай қалды. Бару-қайту билет құны, қонақүй, тамақтану, автобус­пен жүру шығындарын қоса есепте­ген­де, қажылық қаражаты 3,2-4 мың АҚШ доллары шамасында. Бағаның айырмашылығы қажылық сапардың ұзақтығына және қызмет саласының ерекшелігіне байланысты. 34 туристік фирма қызмет көрсетіп, қажылық сапардан парызын өтеушілер 2-3-желтоқсанда елге орала бастайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста