Ғылыми жоба : «Аралар әлемі»

Ғылыми жоба : «Аралар әлемі»

Зерттеу жұмысын орындағандар:
4 «А» сынып оқушылары: Нұрланұлы Мадияр
Құрлытай Меруерт.

Жоба жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Отарбаева Р.Ч.
№9 орта мектеп, Зырян қаласы, ШҚО.

1. Кіріспе.
Зерттеу жұмысын таңдап алған себебіміз: Ара қандай жәндік оның тіршілігі? Өлкемізде араның қандай түрлері тіршілік етеді? Балдың құрамы және пайдасы қандай? Осындай сұрақтар бізді қызықтырды. Сол себепті біз зерттеу жұмысын жүргіздік.

Өзектілігі:
Бізді қоршаған табиғат небір тылсым сырларға толы. Тек сәл ғана назар тоқтатып, зер салсаңыз, солай екендігіне көзіңіз оп-оңай жетеді. Мысалы, араны алайықшы. Кәдімгі жаз шықса, ызыңдап маңайымыздан шықпайтын, гүлден-гүлге қонып, сіз бен біз үшін бал жинайтын ара... Оның өмір сүру қалыбы тылсым сырларға толы. Ғалымдар аса еңбекқор аралар әлемінің сырларын терең зерттеген сайын жаратылыс құпияларына тәнті бола түсуде. Солардың кейбірі жайлы жеке сөз қозғап көрсек...
Зерттеу мақсаты:
Зырян ауданында кездесетін аралардың түрлерін анықтау, әр түрге сипаттама беру және балдың құрамы мен пайдасын анықтау.
Осыған байланысты ғылыми жұмысымыздың алдына келесідей міндеттер қойылды:
Зырян ауданында кездесетін бал араларының түрлерімен танысу.
Бал араларының түрлеріне және оның табиғатына сипаттама беру.
Балдың пайдасы мен құрамын анықтау.

Зерттеу әдістері: Материалдар жинақтау, ізденіс жұмыстарын жүргізу, бақылау.
Зерттеу нысанасы: Бал аралары. Зырян ауданында мекен ететін бал аралары.
Зерттеу жаңалығы: зерттеу жұмыстары барысында Зырян ауданындағы ара шаруашылықтарында Жарғаққанатты жәндіктер қатарына жататын бал араларының үш түрі анықталды олар: Орта орыс арасы , Карпат арасы, Краин арасы.
Мәліметтер: Омарташылармен кездесіп әңгіме жүргізілді, Энциклопедиялар, кітапханадан, интернеттен мәліметтер жинастырылды.

2. Зерттеу бөлімі.
2.1. Аралардың тіршілігі.
Ара - жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Аралар топтанып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір аналық, бірнеше жүз еркек аралар және ондаған мың жұмысшы аралар болады. Аналық ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі. Аналық ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 – 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Жұмысшы аралар 7 – 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және мұны мүлтіксіз орындайды.

Сурет-1. Араның түрлері
1. Аталық ара
2. Аналық ара
3. Жұмысшы ара

2.3. Зырян ауданындағы бал араларының түрлері.
Біз бақылауға алып отырған, адам асырап өсіретін аралардың ішінен ең көп таралған түрлері. Араның бір жанұясында 80 000-ға жуық аралар болады. Солардың ішінде бір ғана аналығы болады, ұзындығы 20-25мм, бес жыл өмір сүреді, жыл бойы жұмыртқа салады.
Зерттеу жұмыстары барысында Зырян ауданында жарғаққанатты жәндіктер қатарына жататын бал араларының үш түрі анықталды. Олар: Орта орыс арасы, Карпат арасы, Краин арасы.
Орта орыс арасы. Алғашқы мекендеген жері – барлық Еуропа, Альпы тауларының солтүстік және батыс бөлігі. Қазақстан мен Сібірге адамдардың көмегімен келді. Орта орыс арасы климатқа ең төзімді ара болып келеді, сондықтан қыстан жақсы шығады. Өз ұяларының тазалығын қатты қадағалайды. Карпат арасының ерекшелігі – жуас, бетпердесіз жұмыс істеуге болады .Краин арасы. Алғашқы тіршілік құрған жері: Австриялық Альпының оңтүстік бөлігі және солтүстік Балқан. Краин арасы тез көбейеді.

4. Балдың құрамы және пайдасы.

Бал – жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжын, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал тек өсімдіктің бір түрінен жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қара құмық балы, жөке ағашының балы тағы басқа) қарай атайды. Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы тағы басқа) әр түрлі атайды..
Гүл балының құрамында 12 – 13 % су, 0,4 % белок, 0,3 % күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, фруктоза бар. Сондай – ақ В3, В5, А,С,Н,Е,К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер және химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс) кездеседі. Олардан басқа алма, жүзім, қымыздық тағы басқа қышқылдар болады.
Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғал – дығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратады.
Бал – қуаты жоғары тамақтық азық. Бал адам организімін дәрумендермен белокпен тағы басқа тіршілікке қажетті заттармен байытады.
Балдың емдік қасетті:
Сондай ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Балды емдік мақсатта қолану кезінде шырын, жеміс – жидектермен бірге қолданған дұрыс. Ересектердің диетасына 60 – 100 гр бал енгізуге болады. Ас ішерде 2 сағат бұрын немесе астан кейін 3 сағатан кейн қолдану керек. Балдан косметика, дәрі - дәрмек дайындайды.
Арадан алынатын: ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.
Балдың пайдасы:
Жүрек – қантамыр жолдарын емдегенде;
Бауыр, бүйрек, асқазанды емдегенде;
Микроэлементтерге бай;
Көздің сауығуына;
Организімнің зат алмасуын реттейді;
Күйіктер мен жарақат көздерін емдеу кезінде;
Гастрит, язваны емдегенде;
Тыныс алу огандарының жұмысын қалпына келтіреді;
Ифекциялық ауру түрлерінің алдын алуға септігін тигізеді.
Біздің ғасырымызға дейінгі заманда Мысырда балаларға күн сайын бал беріліпті. Өйткені бал жеген баланың ақыл – ойы жүйрік, есте сақтау қабілеті жақсы болатынын сол кезде – ақ білген. Мұндай тәжірибені қазір елімізде Омарташылар ұлттық одағы Қазақстан тағамтану академиясымен бірлесіп жүргізуде. Шығы Қазақстан облысының көптеген мектептерінде 1 – 4 сынып оқушыларына күн сайын бал беріледі. Сол үшін ара шаруашылығын қарқынды дамыту қажет деп ойлаймыз.

Нәтижесінде балды үнемі пайдаланатын – 68 оқушы 40%, анда – санда пайдаланатын – 73 оқушы 43%, мүлдем пайдаланбайтын – 26 оқушы 17% екені анықталды. Сондықтан біз балаларға мынадай кеңес ұсынамыз. Егер балалар балды күнделікті пайдалансаңдар денсаулықтарың мықты, есте сақтау қабілеттерің жақсы дамиды.
Қорытынды бөлім:

Зерттеу жұмыстары барысында Зырян ауданындағы ара шаруашылықтарында Жарғаққанатты жәндіктер қатарына жататын бал араларының үш түрі анықталды. Олар: Орта орыс арасы, Карпат арасы, Краин арасы .
Орта орыс арасы климатқа ең төзімді ара болып келеді, сондықтан қыстан жақсы шығады. Карпат арасының ерекшелігі – жуас, бетпердесіз жұмыс істеуге болады. Ал Краин арасы тез көбейеді.
Аралар сыртқы температура +8 0С жеткенде ұшып шыға береді. Алым алуға негізінен ауа жылынып + 15 0С жеткенде жақсы ұшады. Біздің бақылауларымыздың нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы территориясында ауа температурасы мамырдан басталып +80С жетеді. Ал алым алуға қолайлы жағдай маусым айының ортасынан басталады.
Бал арасының түрлеріне жеке-жеке сипаттама бере отырып, оның ара шаруашылығындағы рөлін анықтадық және бал адам организімін дәрумендермен белокпен тағы басқа тіршілікке қажетті заттармен байытатынын білдік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста