Уролог тестостеронды көбейту үшін не істеу керегін айтты

Уролог тестостеронды көбейту үшін не істеу керегін айтты

Уролог-онколог Нұржан Нұрғалиев тестостеронды көбейту үшін не істеу керегін айтты. Бұл туралы маман Dope soz YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

 

"Негізі, бірнеше фактор бар. Медициналық жол бар және физиологиялық әдіс бар. Яғни ең алдымен, ер адамдарға артық салмақтан арылуға кеңес береміз. Жақсы ұйықтау, бауыр саулығы да маңызды. Ішімдік ішпеу де әсер етеді. Мырыш деңгейі қалыпты болуы керек. Негізгі факторлар - осы. Олар бір-бірімен байланысты", - дейді уролог. 

 

Сонымен қатар, Нұржан Нұрғалиев тағы бір маңызды кеңес берді. 

 

"Салқын душқа түсуге де болады", - дейді маман.  

 

Еске салайық, бұған дейін Нұржан Нұрғалиев баланы қай жасында сүндеттеу керегін айтқан болатын. 

 

"Ең дұрысы пубертат уақытына дейін (жыныстық жетілгеннен кейін-еск.) сүндеттеген дұрыс. 13 жас - үлкен жас болып кетеді. Көбіне 5 немесе 7 жаста сүндеттеу керек деп үйреніп қалғанбыз. Ал жалпы, туғаннан бастап 7 жасқа дейін сүндеттеген дұрыс", - дейді Нұржан Нұрғалиев.

 

Уролог-онколог сүндеттеу денсаулыққа пайдалы екенін атап өтті. 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста