Тістің саулығы – денсаулықтың кепілі

Маржандай тізілген тістер адамның ажарын кіргізетін болса, сау
тіс – денсаулықтың кепілі. Тіс мықты, аппақ, тұзу болу үшін ауыз
қуысының күтімін бала кезден бастаған жөн. Сәбидің сүт тісі шыға бастағаннан-ақ ата-ана оған мән беріп, дер кезінде дәрігер кеңесіне жүгініп тұруы керек. Баланың тіс күтімі туралы не білу керек? Бұл туралы тіс дәрігері Ермек Атағұлов мырзадан сұрап көрдік.
Маманның айтуынша, сәбидің сүт тістері 5-6 айлығында шыға бастағанымен, сүт тістердің ұрығы бала ананың құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Бала 2-3 жасқа келгенше үстіңгі және төменгі иекте барлығы 20-дай тіс шығады. Осы сүт тістер бала 6 жасқа келген кезде түсе бастайды. Көбіне 2-3 жасқа келгенбүлдіршіндерде тіс жегісі жиі кездеседі. Мамандар тіс жегісінің асқынған түрін пульпит, периодонтит деп атайды. Кейбір ата-аналар баланың тісі іріңдеп, жағы ісіп, әбден мазасызданған кезде ғана дәрігерге апарып жатады. Мұндай жағдайда баланың тісін жұлып тастауға болмайды. Ерте жұлынған тіс денсаулығына кері әсер етеді. Тіс ауруы асқынып, периостит болған жағдайда ғана тісті жұлуға тура келеді. Бала тістерінің ерте зақымдалуы, жұлынуы жақтың дамуына және ас қорытуына кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ бүлдіршіндердің сақауланып, тілін тіске тақап сөйлеуі секілді әдеттер де тісінің әсерінен болуы мүкін. Қалыпты жағдайда балаларда 10 сүт тіс, 28 тұрақты тіс және кейінірек шығатын қосымша 4 ақыл тіс болады. Әр тістің өз орны бар. Сүт тіістер ерте жұлынса, тұрақты тістер қисық шығуы мүмкін.

Маман кеңесі
Сәбидің сүт тістерінің шығуының өзі күрделі процес қой. Тістері жарып
жатқан кезде сәбилер мазасызданады, қызуы көтеріледі, тәбеті болмайды. Жалпы баланың кез келген мазасыздануына бей-жай қарамау керек. Көп жас аналар «ештеңе етпейді, тісі шығып жатыр ғой» деп баланың мазасызданғанына мән бермейді. Түсі і шыға бастаған баланы профилактика үшін де тіс дәрігеріне көрсеткен дұрыс. Кейінгі кезде 2-3 жастағы сәбилерде тіс жегісі кездеседі, тіпті 80-90 пайызында тіс жегі бар десек артық емес. Кейде тіпті бір жасына дейін тісі шықпаған балалар да кездеседі. Сәбидің тісінің сау болуы ата-ананың денсаулығына да байланысты. Жүкті әйел өзінің тамақтануына, денсаулығына дұрыс күтім жасауы керек. Әйелдің жүкті кезіндегі жеріктігі ауыр болса, көп мөлшерде дәрі-дәрмектер қабылдаса, дұрыс тамақтанбаса, ағзаға кальций жетпесе бұл сәбиінің тістерінде кемшіліктің болуына әкеп соғады. Кішкентай балаларға газды сусындар, чипсылар мен кириешки секіді тағамдар өте зиян. Мұндай тағамдар мен сусындар тіске ғана емес, жалпы организмге зиян. Баланың тісі мықты болып өсуі үшін жеміс-жидектер мен көкөністерді өзі шайнап жеуге дағдылануы керек. Бала тісін тазалауды 1 жастан бастау керек, 3 жастағы бала өз тісін өзі тазалауды үйренеді. Балаға тіс тазалауды үйрету үшін
арнайы гигиенист маманға апаруға болады. 3 жасқа дейінгі балаларға
ересектерге арналған тіс пасталарын қолданбаған жөн. Өйткені балалар
пастаны көп мөлшерде жұтып қоюы мүмкін. Баланың ауыз қуысын, тісін
тазалау өмір бойы жалғасады. Сондықтан баланың тісі сау болуы үшін ерте жастан тісті тазалауға үйрету қажет.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста