Терапевт оразадан дұрыс шығу жолдарын ұсынды

Ағза күйзеліске ұшырамас үшін оразадан дұрыс шыға білу керек. Оның жолдарын терапевт және превентивті дәрігер Нұрғожаева Назира өзінің инстаграм парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, оразада ағза біршама тазарып, табиғи детокс процесі жүрді. Енді осы қалпында сақталу үшін екі реттік тамақтануды жалғастырған жөн. Себебі адам бірден тамақтануды көбейткен кезде инсулинрезистенттілікке алып келеді, қайта-қайта тамақтанған сайын ұйқы безіне, асқазан-ішек жолдарына ауыртпалық түседі.

Превентивті дәрігер Нұрғожаева Назира  оразадан дұрыс шығудың мынадай жолдарын ұсынды:

- Ең бірінші, өте маңызды әрекетіміз - су ішу нормасын қолға алу. 30 күн бойы құрғап қалған ағзамыздың сусыздануын қалыптандыру. Себебі 21 күннен аса су ішпегенге ағзаңыз қалыпты санап, шөлдеу реакциясын сезбеуіңіз мүмкін. Шөлдемесеңіз де күнделікті 1 кг салмақ үлесіне 30 мл суды ішіп отырыңыз;

- Тамақ мөлшерін ақырындап арттыру. Бірден ауыр, майлы, құнарлы тамақтарды жемегеніңіз дұрыс. Әсіресе, "Айт" дастарханынан тоя жеп ауырсынуға жол беріп жүрмеңіз;

- Тамақты май, ақуыз, көмірсу тепе-теңдігі үйлестірілген болуы керек;

- Базалық дәрумендер қабылдаңыз. Иммунитетіңіз біршама әлсірегендіктен, ағзаға қолдау білдіру маңызды. С, Д3, цинк дәрумендерін қабылдасаңыз болады;

- Оразадан кейін асқынуды болдырмас үшін дұрыс тамақтануды қолға алып, ағзаны қосымша 2-кезеңді тазарудан өткізіңіз. Сол кезде ағзада 100% тазару жүріп, денсаулығыңызда оң өзгерістер жылдам көрініс береді. Көп жағдайда оразадан кейін созылмалы сырқаттар асқынып кетіп жататынын ескеріңіз.

Ескерте кетейік, 21 сәуір – Ораза айт мейрамы. Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін мына жерден көре аласыз. Сондай-ақ ораза айтты қалай өткізген дұрыс екенін оқыңыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста