Рактың алғашқы белгілері

Негізі «рак» деген ауру жоқ. Бұл терминмен қарапайым жасушалар дұрыс көбеймеуі, жылдам өсетін ісік қалыптастырушы және көрші органдарды зақымдай алатын 200-ден аса түрлі ауруларды атайды. Әлем бойынша рактан болатын өлім көрсеткіші өте жоғары, - деп жазды Massaget.kz сайты.

 

Кез келген ауру секілді қатерлі ісікті де бастапқы стадияда анықтаған дұрыс. Мысалы, жатыр мойыны қатерлі ісігі соңғы стадияда анықталса, емделушінің тағы бес жыл өмір сүруі 15%-ды да құрамайды. Алайда егер ауру уақытында анықталса, бұл көрсеткіш 93%-ға дейін артады.

 

Ауру ошағы кез келген органда орналасуы және түрлі пішінде болуы мүмкін. Дегенмен, мына белгілерді байқаған бойда дәрігерге көріну ұсынылады:

 

Түйіншектердің пайда болуы, тіндердің ісінуі. Қатерлі ісіктер әсіресе бастапқы кезеңдерде ауырмайды. Мойынға, қолтыққа, әйелдердің сүтті бездеріне, ерлердің атабезіне аса мән беру керек.

Созылмалы жөтел, демікпе немесе жұтыну кезіндегі қиындықтар.

 

Ішектердің үйреншікті жұмысындағы өзгерістер. Кенеттен басталған іш қатулар немесе керісінше, жиі іш өту. Әсіресе, дәреттен қан іздерін байқасаңыз, бірден дәрігерге көрініңіз.

 

Күтпеген жерден қан ағу. Қынаптан қан түріндегі бөліністің шығуы, зәрде немесе жөтелгенде қақырықта қанның болуы.

 

Себепсіз салмақ тастау. Егер кенеттен және аз уақыт аралығында (бірнеше айда) біраз арықтағаныңызды байқасаңыз, бұл уайымдауға себеп. Бұлай жылдам салмақ тастау рактан басқа қалқанша без жұмысының бұзылуын немесе диабеттің дамуын білдіруі мүмкін.

 

Дұрыс ұйықтап жүрсеңіз де, созылмалы шаршау және әдеттегі нәрселерге мүлдем күшіңіздің жетпеуі.

 

Түсініксіз ауырсыну. Ол түрлі сипатта және мерзімде болуы мүмкін.

Жаңа меңдердің пайда болуы немесе бар меңдердің өзгеріске ұшырауы. Олардың өлшемі, пішіні немесе түсі өзгеруі мүмкін. Меңнің беті қатып кетуі және одан ірің шығуы да мүмкін.

 

Зәр шығару проблемалары.

 

Омыраудың өзгеріске ұшырауы. 

 

Тәбеттің жоғалуы. Егер тамақты әдеттегіден аз жейтін болып кетсеңіз, тәбетіңіз жоғалып кетсе, ол да ойландыратын белгі.

Жазылмайтын жара. Ол әсіресе ауыз қуысында кездеседі.

 

Созылмалы қыжыл немесе жүйелі түрде асқорыту бұзылулары: жүрек айну, құсу, іштің кебуі және т.б.

 

Түнгі тершеңдік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста