Қазақстандық акушер-гинеколог босануға ең оңтайлы жас шамасын атады

Қазақстандық акушер-гинеколог босануға ең оңтайлы жас шамасын атады

Дені сау баланың дүниеге келуіне жағдай жасап, оның эмбрион болып бекітіліп, толыққанды нәресте болып қалыптасқанынша жан-жақты бақылайтын дәрігер - акушер-гинеколог. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейiнді қалалық ауруханасының, «Әйелдер денсаулығы» бөлiмшесiнiң акушер-гинеколог дәрігерi Сұңқар Хангельдинамен сұхбаттасудың орайы келіпті. Білікті маман жүктілікті жоспарлаудың маңызын, ана болуға ең оңтайлы жас мөлшерін айтып, пайдалы кеңестермен бөлісті. 
Тілші: Көптеген медицина саласының ішінен неліктен гинекология бағытын таңдадыңыз?
Дәрігер: Астана қаласында Астана медицина академиясы болды. Мен 2004 жылы оқуымды бітіріп, 2005 жылы сол университеттің бірінші курс студенті атандым. Ол кездегі негізгі мақсатым – кардиолог маманы болу еді. Кардиология мамандығына қатты қызықтым. Бірақ төртінші курс аяқтаған соң, қалай акушерия және гинекология саласына кетіп қалғанымды өзім түсінбей қалдым. Сол кезде түрлі бағыттар болды: хирургия, терапия, гинекология. Дегенмен, әр пәннен оқу циклы болған кезде осы акушерия мамандығына көзім түсіп, өмірлік таңдауымды жасадым. 

Тілші: Қазір Қазақстанда қандай акушериялық аурулар басым? Астаналық жүкті келіншектер сізге көбінесе қандай шағыммен келеді?

Дәрігер: Акушериялық аурулардың ішінде қан қысымының жоғарылауы, жатыр мойнының эрозиясы тәрізді аурулар жиі кездеседі. Қазір жатыр мойнының эрозиясы жасарып келе жатқан дерт. Жүкті әйелдерден бөлек 15-17 жасар қыздарда да эрозия кездесіп жатады. Бұл - жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдары.

Тілші: «Қазақтар» жүктілікті жоспарлай ма? Әлде «құдайдың бергенін көреміз» деп жүкті болғасын бірақ тіркелуге келе ме? Жүктілікті жоспарлаудың артықшылығы неде?


Дәрігер: Жүктілікті жоспарлау – дені сау баланың дүниеге келуіне, ана өлімі деңгейін азайтуға септеседі. ДДСҰ жүргізген статистикаға сәйкес жүктілікті жоспарламау салдарынан жыл сайын 47 мың ана өлімі тіркеледі, 25 млн-ға жуық аборт жасалады екен. Оның ішіне өзіндік түсік, криминалдық, яғни қолдан жасалған аборт, дамымай қалған жүктілік салдарынан жасалған аборт кіреді.

Өкінішке қарай, біздің қазақтың әйелдерінде жүктілікті жоспарлауда сауаты керемет деп айта алмаймын. Неге десеңіз? Менің алдыма келетін көптеген әйелде ешқандай контрацепция болмайды. 10 әйел болса, соның екеуі ғана контрацепцияны қолданады, ал төрт әйел контрацепция туралы біледі. Қалғандары білмейді, білсе де оны қолданбайды. Сондықтан өз басым бұл өте сауатсыздық деп ойлаймын. Контрацепция дегеніміз болашақ ананың денсаулығын түзетіп барып, сау баланың өмірге келуіне жағдай жасауы. Жалпы әйелдегі қосалқы патологиялық немесе экстрагениталдық аурулардың деңгейін жеңілдетіп барып, жүктілікті жоспарлауға бағытталған шара деп айтуға болады. Жүктілікті не үшін жоспарлау керек? Бүгінгі таңда әйелдер жатырындағы үш-төрт тыртықпен келеді. Бұндай әйелдерге тууға болмайды. Жатырдың жыртылып кету қаупі бар болғандықтан, денсаулығына қауіп төнеді. Осының салдарынан жүкті әйелдер арасында өлім-жітім деңгейі жоғары. Сондықтан көптеген әйел өз жатырының жағдайын, тыртығы барын, жүктілікті жоспарлауға болмайтынын біле тұра, жоспарлайды, аяғы ауыр болып келеді. Сол себепті біз бұл мәселені үнемі көтеріп, айтып жүреміз. Бұған әр адам жауапкершілікпен қарап, саналы түрде сезінуі керек.

Тілші: Елордадағы бала туу көрсеткіші азайып келе ме, әлде артып келе ме?

Дәрігер: Елордада бала туу көрсеткіші, керісінше, жылдан жылға екі есе көбейіп келе жатыр. Үлкен мегаполис болғандықтан, Қазақстанның әр өңірінен босануға келетін әйелдер көп. Сол себепті қалада бала туу көрсеткіші де жоғары деп ойлаймын. 

Тілші: Жалпы әйелдің репродуктивті денсаулығына кері әсер ететін қандай факторлар бар?


Дәрігер: Әйелдің репродуктивті денсаулығына бірнеше фактор әсер етеді. Мәселен күнделікті тамақтану әдеті, өмір сүру салты, артық салмақтың болуы, үнемі стрестік ситуацияда жүру, жұмыстың ауырлығы, мидың тынықпауы, барлық гормонды басқарып отырған орталықты сергітпеу салдарынан босануға қауқары бар әйелдің овариалдық резерві төмендеп жатады. Сонымен қоса экологияның да әсері бар. Сондықтан кез келген әйел дұрыс өмір сүру салтын ұстанып, физикалық жаттығулар жасап, денсаулығына немқұрайлы қарамай, өзін-өзі күткен жағдайда репродуктивті ағза қалыпты жұмыс істейді. 

Тілші: Соңғы кезде әйелдер ерте жастан босануға асықпайды. 30 жасқа қарай босансам да болады деп жүре береді. Негізі медициналық тұрғыда қай жас шамасы балалы болуға ең оңтайлы саналады?


Дәрігер: Медициналық тұрғыда босануға ең қолайлы - 23 жас және одан жоғары жас шамасы деп айтуға болады. Бүгінгі таңда 30 жаста да еш қиындықсыз босануға болады. ДДСҰ деректеріне сәйкес 30 жас – кәрі жас болып саналмайды. Жалпы 25 жастан асқан әйелдің гормоналдық жүйесі, гормоналдық фоны өзгеріске ұшырай бастайды. Соның салдарынан жатыр миомасы, эндометриоз тәрізді диагноздар көбейе бастайды. Сондықтан 23-24 жаста тұрмыс құрып, жүктілікті жоспарлау – ең оңтайлы уақыт.

Тілші: Өкінішке қарай, дамымай қалған жүктілік, ерте үзілген жүктілік дегенді жиі естиміз. Бұның себебі неде? Неліктен бұл дерт жас талғамай, жасты да, ересекті де шарпып жатыр? Одан қалай сақтануға болады?

Дәрігер: Талдай берсек, дамымай қалған жүктіліктің себептері өте көп. Оның ішінде генетикалық ақаулар, хромосомалық деңгейдегі аномалиялар салдарынан болуы мүмкін. Екіншіден әртүрлі жыныстық инфекциялар да жүктіліктің дамымай қалуына әсер етеді. Үшіншіден бұрын жасалған аборттар, гормон жеткіліксіздігі жүктіліктің үзілуіне себеп болуы ықтимал. Бұндай жағдайға тап болған әйел 3-6 ай жүктілікті жоспарлауға болмайтынын білуі тиіс. Сосын келесі жүктілігін дәрігердің жіті қадағалауымен жоспарлағаны дұрыс.

Тілші: 2020 жыл бәрімізге оңай соқпады. Коронавирус жасты да, кәріні де жалмап әкетті. Қорқыныш әлі сейілмеді. Жүкті әйелдер үшін коронавирус жұқтырудың салдары қандай болады?

Дәрігер: Басқа да адамдар сияқты жүкті әйелдерге де коронавирус өте үлкен қауіп туындатады. Өкінішке қарай, біздің елімізде коронавирустың жүкті әйелдерге әсері жіті зерттелмеген, яғни ауқымды зерттеулер жүргізілмеді. Жүктілік кезіндегі физиологиялық жағдайға байланысты қан қоюланып, гиперкоагуляция болады. Әйелдің ағзасы екі адам үшін жұмыс істеп тұрғандықтан, иммундық жүйесі төмен болады. Егер әйел коронавирус жұқтырса, оның үстіне жүрек жеткіліксіздігі тәрізді экстрагениталдық аурулары болса, оған коронавирус өте ауыр тиюі мүмкін. Сол себепті барынша сақтану керек.

Тілші: Соңғы 30 жылда жүктілікті жүргізу тактикасы өзгерді ме? Қазір қандай жаңашылдықтар енгізілді?

Дәрігер: Біз еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен клиникалық хаттама бойынша жүктілікті бақылаймыз. Ол ДДСҰ-ның жүктілікті жүргізу бойынша ұсыныстарымен сәйкес келеді. Яғни халықаралық талаптарға сай жүргіземіз. Қазір экстрагениталдық патологиясы бар жүкті әйелдерді бақылайтын орталықтар көбейіп келе жатыр. Қазір жүкті әйелдер заман талабына сай кәсіби медициналық көмек алып жатыр деуге болады.


Айнұр ҚАНАТҚЫЗЫ

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста