Қай өсімдік аллергияға жиі себепкер болады?

Қай өсімдік аллергияға жиі себепкер болады?

Елдегі бір зертхананың өзінде бір жыл ішінде 48 мың адамның ағаш пен шөпке сезімталдығы тексеріледі екен. Олардың 67%-ы - 18 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес тексерілгендердің жартысына жуығында немесе 23 мың адамда тозаңдық аллергендерге сезімталдық байқалды. Оң нәтиже көрсеткен пациенттердің 61%-нда арамшөптерге, 22%-нда астық тұқымдас шөптерге, 17%-нда ағаш тозаңына аллергия анықталды, - деп хабарлады елдегі зертханалар желісінің директоры Ерлан Сүлейменов.
Арамшөптердің арасында ең жиі кездесетін аллергендер: жусан - оған оң нәтижелердің 49%-ы тиесілі, көкпек - 20%, ойраншөп - 12% және бақбақ - 8%.

Астық тұқымдас шөптердің қатарында неғұрлым көп таралған аллергендер: атқонақ - оған оң нәтижелердің 46%-ы тиесілі, торғақшөп - 22%, су бетеге - 18% және қоңырбас - 8%.

Ағаш тозаңы бойынша тексерілгендердің 57%-нда қайыңға, 22%-нда үйеңкіге, 20%-нда терекке аллергия анықталды.

Тозаң әсерінен болатын аллергия белгілері: түшкіру, мұрынның бітелуі, көздің қышуы және қабынуы.

Қай өсімдік аллергия себепкері болып табылатынын біле отырып нақты ем алуға болады.

Аллергияны міндетті түрде емдеу қажет. Оны емдемесе, ағзаның сезімталдығын тудыратын тозаңдық аллергендердің қатары кеңеюі мүмкін. Емделмеудің тағы бір қатері – тоғыспалы реакцияның салдарынан адамда жемістерге, көкөністерге, жаңғақтарға аллергия пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ емделмеген тозаңдық аллергияның салдарынан астмаға (демікпе) шалдығу қаупі туралы білу қажет, - дейді ол.
Сүлейменовтың сөзінше, қазір тозаңдық аллергияны емдеудің тиімді жолы бар. Ол – аллерген-спецификалық иммундық терапия, қысқаша АСИТ деп аталады. Бұл емге сәйкес 3-5 жыл көлемінде адамға аллергенді бірте-бірте көбейтіп егіп отырады. Нәтижесінде ағза аллергенге үйренеді де, аллергия не мүлде кетеді, не болмаса ауру белгілері азаяды.

BAQ.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста