Коронавируспен ауырған дұрыс па, әлде вакцина салдыру керек пе - маман жауабы

Коронавируспен ауырған дұрыс па, әлде вакцина салдыру керек пе - маман жауабы

Ресейлік вирусолог коронавирусқа қарсы вакцина алған адам маска тағып жүруі керек екенін айтты. Спутник V вакцинасы коронавирустың британдық және басқа да штаммдарынан қорғай ма? Екпе салдырған адам вирус тарата ала ма? Не себепті вакцинадан кейін де бетперде тағып жүру қажет? Гамалея атындағы институттың бас ғылыми қызметкері Анатолий Альтштейн осы сұрақтарға кеңінен тоқталып жауап берді.

Вирусолог Анатолий Альтштейн бүгінгі күні коронавирус шамалы ғана әлсіреді деп санайды. Адамдар оған үйрене бастады, ал дәрігерлер емдеуді үйренді. 2020 жылдың наурызында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) эпидемия туралы мәлімдеме жасады. Ол кезде дамыған елдердің өзінде осы аурудан көп адам көз жұма бастады. Медицина саласының деңгейі айтарлықтай жоғары Еуропада қайтыс болғандар көрсеткіші шамамен 10-15%-ті құрады. Бірақ екі айдан кейін адам өлімінің көрсеткіші төмендеп, "қазір 2% деңгейінде" тұр.

Sputnik агенттігіне берген сұқбатында профессор Альтштейн ресейлік ғалымдардың ең бірінші болып вакцина әзірлеуіне не ықпал еткенін айтып берді.


"Менің әріптестерімнің осыған ұқсас вакцина әзірлеу бойынша үлкен тәжірибесі болды. Коронавирус пайда болғанға дейін бірнеше жыл бұрын олар MERS-ке (таяушығыстық респираторлы синдром коронавирусы – ред.) қарсы вакцина әзірледі. Мұндай вакцина әзірлеудің барлық принципі қолда бар болатын. Олар оны аденовирусты вектор көмегімен дайындады. Сөйтіп қандай ақуызды, генді, мөлшерді аденовирусқа орнатуға болатынын дәл есептеді. Вакцинаға айналатын аденовирусты қалай әзірлеу керектігін және қандай мөлшерде, қандай ретпен егу керек екенін дұрыс бағалай алды. Нәтижесінде жақсы вакцина пайда болды", - дейді Анатоий Альтштейн.

Ол осы ауруға тікелей қатысты болған қытайлардың көп көмегі тигенін атап өтті. Қытайда вирусология айтарлықтай жақсы дамыған. Олар диагностика әдістерін анықтап, осы вирустың генетикалық реттілігін бірінші болып жариялады. "Ол реттілікте осы вирустың генетикалық материалы құралған 30 мыңға жуық нуклеотид бар". Бұл бүкіл әлем үшін үлкен жетістік болды.

Осы мәлімет ресейлік вирусологтардың да кәдесіне жарап, олар бірден вакцина әзірлеу бойынша жұмысқа кірісіп кетті. 2020 жылдың тамызына қарай бірінші және екінші клиникалық сынақ өткізіліп, вакцинаны тіркеді.

"Басқа препараттармен салыстырғанда Sputnik V-ның маңызды артықшылығы – ол тиісті үш клиникалық сынақтан өтті. Үшінші кезеңді өткізу аса қиын болып саналады. Себебі ол сынақ үшін он мыңға жуық адам қажет және олардың арасында міндетті түрде плацебо тобы болады.

Сондықтан ауқымды плацебо тобы, яғни вакцина емес, басқа препарат салынған немесе мүлде екпе жасалмаған адамдардың деректерін алып  вакциналанған адамдардың ауру нәтижелерін салыстырасыз. Бұл үшінші кезең. Осыдан кейін ғана бұл вакцина тиімді деп айта аласыз. Және қаншалықты тиімді екенін айта аласыз", - деп түсіндірді вирусолог.

Гамалея атындағы институт вакцинасының тиімді болғаны соншалық, ол қазір әлемде анықталып жатқан барлық штаммдарға төтеп бере алады. Анатолий Альтштейн Sputnik V қазір көптің аузында жүрген оңтүстікафрикалық штаммды да жеңе алатынына сенімді. Британдық штамм кең таралуы мүмкін. Себебі ол адамнан адамға жұғуға жақсы бейімделген. Маман ресейлік вакцина бұл штаммға да қарсы тұра алатынына сенімді.

Вирусолог кейбір ұлт пен нәсілдер коронавирус инфекциясын көп жұқтырса, кейбірі тіпті аз ауыратыны туралы әңгіме ойдан құралған деп санайды. Алайда Орталық Азияда ауру жұқтырғандар және қайтыс болғандар саны айтарлықтай төмен. Бірақ вакциналауға қатысты жағдай мүшкіл. Украинада ауру жұқтыру дәл Ресейдегідей сипатта өтіп жатыр. "Адамдар арасында айырмашылық бар, ал кейбір ұлттардың ауруды аз жұқтыратынына қатысты нақты мәлімет жоқ".

Профессор Альтштейн ағзасында антиденелер деңгейі жоғары екпе салдырған азаматтар да не себепті қолғап пен бетперде киюі керек екені туралы айтты. Оның екі себебі бар. Біріншісі – вакцинациялау енді басталды, адамдардың басым бөлігі әлі екпе салдырған жоқ.

"Бұл вакцина алған адамдарда да вирусты инфекция болуы мүмкін екенін білдіреді. Олардың қатты ауырмайтынына және коронавирустан көз жұмбайтынына кепілдік беріледі деуге болады. Алайда олар вирус таратуы мүмкін. Бірақ мұндай мүмкіндік мейлінше күрт төмендетілген, - деп түсіндірді сарапшы.
"Екінші себебі – вакцина алған адамдарға "бетпердесіз жүруге болады" деген артықшылық беруге болмайды. Онда ешкім эпидемиологиялық нормаларды сақтамайды. Адамдар екпе салдырдым деп мәлімдеп, бетперде тақпай қоюы мүмкін", - деді ол.    

Анатолий Альтштейннің айтуынша, қазір әлемде коронавирустың ауқымды үшінші толқыны жүріп жатыр және ол көрсеткіштері бойынша екінші толқынға жақындап қалды. Қазір Ресейде бұл ауру жұқтыруға қатысты жағдай біршама бәсеңдеді. Бірақ бұл үшінші емес, сонау қыркүйекте басталған екінші толқынның беті қайтуы.

"Бұл бізде жеткілікті деңгейде ұжымдық иммунитет бар және үшінші толқын болмайды дегенді білдірмейді. Ресей халқының 5%-іне екпе салынды. Біз вакциналауда әлем бойынша бірінші орында тұрған жоқпыз. Бірақ бұл да жаман емес. АҚШ-та вакциналауға байланысты жағдай бізге қарағанда жақсы болса, Еуропада әлдеқайда нашар", - деп санайды Гамалея институтының профессоры.

Анатолий Альтштейн Ресейде ұжымдық иммунитет қалыптастырып, кезекті толқындарды үреймен күтпес үшін екпе салдыру маңызды екенін айтты.

"Екпе салдырудан қорқатындарға таң қаламын. Ине тым жіңішке, вакцина материалы тітіркендірмейді, маса шаққанмен бірдей. Адамдар масаның шағуынан қорықпайды емес пе? Екпенің кері әсері де белгілі – бірнеше сағат бойы дене қызуы көтерілуі мүмкін", - деп атап өтті профессор Альтштейн.


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20210427/16899495/Koronavirus-auyrgan-durys-pa-vaktsina-alu-kerek-pe.html

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста