Кішкентай баланың іші бұрап ауырса, не істеу керек?

Кішкентай баланың іші бұрап ауырса, не істеу керек?

Егер кішкентай баланың іші бұрап ауырса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Алайда, дәрігерлердің көмегін күту кезінде балаға алғашқы көмек көрсете білген абзал:

Сабырлы болыңыз: баланы тыныштандыру және үрейленуіне, қорқуына жол бермеу үшін ата-анасының сабырлы және жинақы болу өте маңызды.

Баланы жұбатыңыз: балаға ыңғайлы болатындай жатқызыңыз. Әдетте, бүгіліп жату (тізені құшақтап жату) іштің ауырсынуын сәл де болса бәсеңдетеді. Баланың кенеттен қозғалмауын қадағалаңыз. Назарын өзгеге аудара біліңіз. Мысалы, бірге отырып мультфильм көруге, әлде музыка тыңдауға болады.

Баланың тыныс алуын, жүрек соғу жиілігін және терісінің түсін тексеріңіз. Қандай да бір өзгерісті анықтасаңыз, дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласыңыз.

Тамақ немесе сусын бермеңіз: дәрігер баланы толық тексермейінше, әдетте, оған бір нәрсе жеуге немесе ішуге рұқсат бермеген жөн. Өйткені хирургиялық араласу қажет болса, бұл жағдайды нашарлатуы мүмкін.

Жылы немесе суық матаны баспаңыз: зардап шеккен аймаққа жылы мата немесе суық компресстерді қолданбаңыз. Себебі бұл баланың жалпы жағдайын нашарлатуы немесе диагнозға кедергі келтіруі мүмкін.

turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста