Кез-келген вакцина антидене қалыптастыруға бағытталады – дәрігер

Кез-келген вакцина антидене қалыптастыруға бағытталады – дәрігер

олтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді аурухана бас дәрігерінің бірінші орынбасары Асхат Молжігітов коронавирусқа қарсы вакцина алудың қаншалықты маңызды екенін айтты. Коронавирусты жұқтырған кардиологиялық, созылмалы, онкологиялық аурулары бар сырқаттар оның зардабын әлі күнге дейін тартып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді аурухана бас дәрігерінің бірінші орынбасары Асхат Молжігітовтің айтуынша, былтыр көктемде коронавирус індеті басталған кезде дәрігерлер ковидтік госпитальдерде жұмысқа кірісті. Өңірдегі барлық ауруханалар инфекциялық стационарлар ретінде қайта жарақтандырылды.

«Ол біз үшін ең ауыр кезең болды. Өйткені ол кезде біз бұл вирустан қалай емдеу керек екенін дұрыс білмедік. Жұқтырғандар өте көп болды. Халықаралық ұсынымдар бойынша жұмыс істедік. Сырқаттанғандардың басым бөлігін емдеп жаздық, алайда, олардың барлығын, өкінішке орай, аман алып қала алмадық», - дейді дәрігер.

Асхат Молжігітов - интервенциялық аритмолог. Оның айтуынша, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, созылмалы, өкпе, онкологиялық сияқты ілеспе аурулары барлар коронавирусты ауыр өткерді. Зардабын әлі күнге тартып келеді.

«Қазіргі уақытта коронавирусты емдеудің жеті түрлі тәсілі белгілі. Соның ең тиімдісі соңғы ақпан айында Қазақстанда шыққан емдеу протоколы, біз қазір соны ұстанамыз. Ол еуропалық ұсынымдарды негізге ала отырып жасалған. Нәтижесінде COVID-19 жұқтырушылардың жазылып шығу пайызы ұлғайды», - дейді Асхат Молжігітов.

Кардиологиялық орталық коронавирус инфекциясы өршіп тұрған кезде де жұмысын бір күн де тоқтатпай, сырқаттарды қабылдады.

«Біз кардиологиялық профильді пациенттерге ем-дом жүргізіп, жүрекке ота жасауды тоқтатпадық. Жағдайға байланысты жұмысымызға өзгеріс енгізуге тура келді. COVID-19 инфекциясы бар сырқаттарымызға жаңа бөлімше аштық. Сол кезде коронавирус жұқтырған және қосымша кардиологиялық аурулары бар 10-15 адамды тәулігіне анықтап отырдық. Бұл бөлімше қазір де жұмыс істеп тұр. Бірақ сырқаттардың саны анағұрлым азайған, яғни орта есеппен аптасына 2-3 адамды ғана анықтаймыз», - дейді маман.

Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шараларды қолдану, яғни маска тағу, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, халық көп жиналатын жиындардан бас тарту – өз нәтижесін беріп жатыр.

«Мен дәрігер ретінде тұрғындардың барлығын вакцинациядан өтуге шақырамын. Екпе салдырудың негізгі механизмі – инфекцияның ауыр түрлерінің алдын алу. Бұл дәлелденген. Толық курстан өткендер коронавирусты жұқтырған күннің өзінде жеңіл ауырады. Сондықтан бұл індеттен құтылу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Тұрғындардың 65-70 %-ы егілуі қажет», - дейді дәрігер.

Асхат Молжігітов те коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып тұрғандардың бірі.

«Мен шілде айында коронавирусты жұқтырдым. Вакинаның алғашқы партиясы келген кезде, ақпан айында, мен бірден екпе алдым. Сол кезде менде иммуноглобулин G сол кезде 3,5-4 болды, қазір мендегі антиденелер саны 127-ге жетті. Бұған дейін коронавируспен ауырып, нәтижесінде ағзада антидененің пайда болуы – вакцина қойғызуға қарсы көрсетілім емес. Сол себепті ауырған күннен бастап екпе салдырғанға дейін жарты жыл өтуі тиіс. Вакцина қойдыру арқылы біз олардың жұмысын күшейтеміз», - дейді ол.

Тұрғындар тарапынан вакцинацияға қызығушылық бар.

«Бізге, медицина қызметкерлеріне, вакцинацияға қарсы көрсетілімдер бар ма деп жиі сұрақ қояды. 16 жасқа дейін вакцина егілмейді және коронавируспен ауырса оларға 6 айға дейін екпе жасаудың қажеті жоқ. Екпе алмас бұрын барлығы терапевтің тексерісінен өтеді. Аллергиясы барларға, созылмалы аурумен ауыратындарға, онкологиялық және жақында ота жасатқандарға вакцина қойылмайды. Бізге бұрынғы қалыпты өмірге оралу үшін барлығын вакцина салдыруға шақырамын.

Қандай вакцина жақсы, қазақстандық па, әлде ресейлікті салғызайық па деп те жиі сұрайды. Кез-келген вакцина, ол қайда жасалмасын, ол антидене жасауға бағытталады. Сол себепті қандай да бір вакцина жақсы, енді бірі нашар деп айту дұрыс емес. Олардың барлығы бірдей жұмыс істейді», - дейді Асхат Молжігітов.

Дәрігердің айтуынша, шетелдік әдебиетте вакцина салғызғаннан кейін де коронавирусты қайта жұқтырған жағдайлар жайында айтылады. Алайда 99 %-да инфекция жеңіл өткен. Яғни, вакцина қойдырудың негізгі мақсаты –ағзамыздың антиденелерді - иммуноглобулин өндіруіне жағдай жасау. Тек осылайша инфекцияға тойтарыс бере аламыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста