Балалардың көру қабілеті нашарлап барады

Елімізде жылдан жылға көзі нашар көретін бала саны көбейіп барады. Дәрігерлер жүргізген медициналық тексерудің  қорытындысы бойынша 60 490  оқушының көру қабілеті нашар екені анықталып отыр.

Бүкіл республика бойынша бұл көрсеткіш ылтырғы жылмен салыстырғанда 3 есе көбейген. Жыл өткен сайын жүйке жүйесі мен омыртқасында ақауы бар балалардың да қатары да көбейіп барады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың депутаттар сауалына берген жауабында айтқан болатын.

Мамандардың айтуынша,  балалар денсаулығының нашарлауына гаджеттер мен компьютерді жиі қолдану және ақпараттың шамадан тыс көптігі әсер етіп отыр. Сондықтан Үкімет Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрлігіне оқу үрдісіне денсаулыққа зияны аз технологияларды іріктеп, енгізу туралы тапсырма берді.

Көз – адамның 5 сезім мүшесінің бірі. Көру арқылы адам қоршаған әлем туралы ақпарат алады. Балалардың көру қабілетінің жақсы болуы өте маңызды. Өйткені көзі нашар көретін баланың дамуы да кешеуілдейді. Балалардың көз жанарының дұрыс көрмеуі тұқым қуалайтын аурулардың салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ әйел адам жүкті кезде вирустық аурулармен ауырса, бала туабітті көз ауруына шалдығып жатады. Кейбір көз аурулары бала өсе келе пайда болады. Көру аппаратына зақым келген жағдайда немесе орталық жүйке жүйесі бұзылса да, тіпті дұрыс тамақтанбаса, көздің тазалығына көңіл аударылмаса,  балада көз аурулары пайда болады. Сондықтан көз ауруларының алдын алу үшін нәресе туа салысымен үнемі мамандарға тексертіп отыру керек.

 

Айнұр Нұрсабет

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста