Аллергиялық жөтел мен коронавирус кезіндегі жөтелдің айырмашылығы неде

Алматы қаласының №2 қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Айдана Нұрлыман NUR.KZ-ке аллергиялық жөтелді коронавирус жұқтырғандағы жөтелден қалай ажыратуға болатынын айтты. 

Жалпы тәжірибелік дәрігер Айдана Нұрлыманның айтуынша, COVID-19 жұқтырған кезде өнімді ылғалды жөтел болады, ол дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, ентігу, кеуде қуысының қысылуы, бастың ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу сияқты белгілермен қатар жүреді.

"Аллергиялық жөтел өнімсіз құрғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай жөтел адамдарды негізінен жазда, көктемде және күзде мазалайды", – деп қосты сарапшы.

Дәрігер жөтел пайда болған кезде өзін-өзі емдемеуге, білікті көмекке жүгінуге және оның себебін анықтауға кеңес берді. Сондай-ақ, Айдана Нұрлыман темекі шегушінің жөтелін суық тиюдегі жөтелден қалай ажыратуға болатындығын айтты.

Оның айтуынша, темекі шегушінің жөтелі негізінен таңертең байқалады, ал вирустық инфекция жұқтырған адам күні бойы жөтеліп жүреді.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария еткенін жазған болатынбыз. Қазақстанда өткен тәулікте 1011 адамда коронавирус індеті расталды.

Одан бөлек, Қазақстанда COVID-19 келгеніне тура бір жыл толғанын жазған едік. 2020 жылдың 13 наурызында Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы екі дерегі анықталған болатын. КВИ жұқтырған алғашқы науқастар Алматы қаласынан анықталды. Олар Германиядан жақында ғана елге оралған азаматтар болып шықты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста